Жаңалықтар

АрселорМиттал Теміртауға 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті
АрселорМиттал Теміртауға 1,3 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: kaztkd.kz 22.12.2022 14:05 1581

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ​ 1,3 млрд сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аванстық төлемдер сомасын төмендетуді Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде анықтады.

«​2017 жылы камералдық мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасын төмендету белгіленді. ​Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл сомасына әкімшілік материал жасалды. Материалдар әкімшілік сотқа берілді», - деп жазды ведомстводан.

Кеше Қарағанды облыстық соты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарау шеңберінде Қарағанды облысының МКД дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға