"АрселорМиттал Теміртауды" сатып алатын инвестор есімі әзірге құпия - Роман Скляр
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
04.11.2023 15:47
976
Қазақстан үкіметінде "АрселорМиттал Теміртауды" сатып алатын инвестор таңдалды, бірақ оның кім екені әзірге құпия сақталатынын премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір біз бұл компанияның атауын айта алмаймыз, өйткені келіссөз жүріп жатыр. Бұл құпия ақпарат. Сондықтан біз оны қазір жарияламаймыз. Бірақ бұл кәсіпорын компанияны нарықтық құны бойынша сатып алатын отандық инвестор болады, - деді Р.Скляр.
Оның айтуынша, бірінші кезекте үкімет компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қадағалайды.
Инвестор келеді, менің ойымша, ол кәсіпорын қайғылы оқиғаларды тудырған резонансты ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық сөйлеседі. Олар БАҚ-қа ақпарат беруге, инвестицияны көрсетуге, өндірістегі нақты өзгерістерді көрсетуге міндеттеледі. Біз мұны қадағалап отырамыз, - деді премьер-министрдің орынбасары.
Бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов "АрселорМиттал" жаңа инвесторы кәсіпорынның тұрақты жұмысы үшін кемінде 3,3 млрд инвестиция салуға тиіс деп мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға