"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында төрт адам қаза тапты
Жарылыс салдарынан 4 жұмысшы көз жұмса, төртеуі ауруханаға жатқызылған
Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде 4 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz.
Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
"Иә, біз қолда бар ақпарат бойынша, 3 қарашада шамамен сағат 03.00-де Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтада газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ жарылысының болғанын растаймыз", — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.
Жарылыс салдарынан 4 жұмысшы көз жұмса, төртеуі ауруханаға жатқызылған. Тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасуда.
Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша 106 жұмысшы эвакуацияланды.
"Жағдайлар анықталуда. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр, тергеу нәтижелері оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтайды",— деп қосты Иманқұлов.
