Арқалықта аялдамаға соғылған мас жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
17.03.2023 20:52
934
26 жастағы жүргізуші ВАЗ 2112 автокөлігін басқарып, қоғамдық көлік аялдамасына соғылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізді. Ол мас күйінде болған.
Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Баптың санкциясы 20 тәулік мерзімге қамауға алуды және 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айыруды көздейді.
Полиция жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамада адамдар болмағанын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады
Келесі жаңалық
Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты