Жаңалықтар

Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысы ұсталды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысы ұсталды
Фото: gov.kz 09.11.2022 10:21 1416

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңға қайшы іс-әрекетін анықтау және оның жолын кесу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұзақ уақыт жедел зерделеуден кейін 18 қазанда Қызылорда және Арал қалаларында «А» арнайы мақсаттағы қызметті жұмылдырып, прокуратурамен бірге іске асырылған арнайы операция барысында өңірлік ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысы ұсталды.

Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын «жиналыстарда» қабылдап тұрған.

Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар.

Олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, «ұрылар кассасының» сметасы, есірткі, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынды.

Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарлары бұғаттады.

Трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға