Жаңалықтар

Армян мәдениетінің фестивалі

Армян мәдениетінің фестивалі
17.04.2018 04:49 1506

Әрбір этностың өздері дәстүрлі түрде тойлайтын, айрықша сүйіспеншілікпен және құрметпен мерекелейтін мерекелері бар. Армяндар үшін осындай мерекелердің бірі Ана және сұлулық күні, ол 7 сәуірде мерекеленеді.

Осы мереке күні еркектер өздерінің жұбайларын, аналарын, қыздарын, қарындастарын және сүйіктілерін құттықтайды, әйелдер сұлулығына, ана қамқорлығы мен мейрімділіне, отбасына деген адалдығына тағзым етеді, нәзік жандыларды мақтан тұтып, ризашылығын білдіреді.

15 сәуірде Петропавл қаласының достық Үйінде дәстүрлі мерекелік концерт – армян мәдениетінің фестивалі өткізілді. Ол  «Кетрон» армян мәдени орталығының балалар және жастар топтарымен ұйымдастырылды. Сахнадан ең басты және қымбат: махаббат достық, Отан және бейбітшілік туралы сан-алуан тілде әндер мен өлеңдер, әдемі ұлттық билер орындалды. Әрине, әрбір көрсетілген өнердің басты мақсаты барлық ханымдарды әсем де мейрімді мереке-сұлулық және ана Күнімен құттықтау болды.

Осыдан басқа, нәзік жандардың өкілдерін Солтүстік Қазақстан облыстық «Кетрон» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геворк Геворкян, сонымен қатар этномәдени орталығы басқармасының мүшелері құттықтады.

Айрықша армян орталығының жастар қанатының көшбасшысы Абраамян Гоаара, хореограф Сафарян Карина атап өтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға