«Армандар орындалған Астана» фотобайқауына ерекше суреттер келіп түсуде
2015 жылдың 1 маусымынан бастау алған «Армандар орындалған Астана» фотобайқауы жалғасуда. Осы күнге дейін 20 астам жұмыс келіп түсті. Солардың ішінен ерекше дегендерін іріктеп алып, жариялап отырмыз. Бір қызығы, қатысушылардың басым бөлігі бірнеше суреттен жіберген. Сонымен байқаудың алғашқы қатысушыларын көре отырыңыздар.
Ақберді СЕЙСЕКЕ мен Жанай ТАМЕРЛАНОВА
Астана қаласының жергілікті тұрғындарынан құралған мына жас жұп конкурсқа алғашқылардың бірі болып қатысуда.
«Бейбітшілік және келісім сарайы – көпұлтты әрі көпконфессиялы Қазақстанымыздың ерекше символы. Астана қаласына әсемдік беріп тұрған бұл нысан біз үшін де ерекше, бізге осы маңайға келіп, серуендеген қатты ұнайды»
Анна АЛЕКСАНДРОВА және оның қызы
Астана қаласының Анна Александрова есімді жергілікті тұрғыны «Отан-Ана» монументінің фонында өз қызымен бірге түскен суретін фотоконкурсқа арнайы жіберген екен.
«Отан-Ана» монументінің жанына жиі келемін, осында баламды ойнатқанды жақсы көремін. Бұл жер бір жағынан серуендеуге, екінші жағынан еліміздің кешегісі мен болашағы жайлы ой тастауға қолайлы жер болып табылады»
Ақпарат ретінде: «Отан-Ана» монументі – 2001 жылы 7 мамырда Астана казіргі Тәуелсіздік және Қ.Мұңайтпасов даңғылдарының қиылысындағы алаңда тұрғызылды. Ақ кимешекті әйел-ана алтындатылған зерлі кесесіне ақ құйып оны, ұлттық дәстүрге толы көңілімен, келе жатқандарға қос қолдап ұсынуда.
Майра МЫРЗАХМЕТОВА
Майра Мырзахметова есімді қала тұрғыны өз құрбысымен бірге «Астана-Бәйтерек» монументінің фонында түскен суретін жіберді.
«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының ең танымал бірегей нысан. Басқа қалалардан қыдырып келген туыстарымыз бірінші кезекте осы тарихи орынға алып баруымызды өтінеді. Тарихи орын деп отырғаным – Астана қаласының негізі қаланғаннан бастап, ұлттық идеяны білдіретін ең алғашқы ғимараты деуге болады. Оның негізгі идеясы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келген. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Тіпті, 5 жасар ұлымның тілі шыққаннан осы алып Бәйтерек монументін суреттен, теледидардан көргенде, «Қазақстан! Астана!» деп қуаныштан айқай салады әлі күнге. Сондықтан «Астана-Бәйтерек» адам әлемін өз жанына тартып тұратын тылсым қасиетке ие ағаш бейнесін жария етіп тұрғандай әсер қалдырады. Қазақ халқының бірлігі мен киелі Самұрық құсының үлкендегіндей алып, кең жүрегі, тіршілік атаулыға ғұмыр сыйлаған алтын Жұмыртқасы Күн сәулелі нұрын сыйлаған қасиеттің символы.
Марат пен Сандуғаш
Жаңадан отбасын құрған Марат пен Сандуғаш та байқаудан тыс қалған жоқ.
«Біз үшін бұл сурет несімен ерекше деген сұраққа келер болсақ, біз осы күні некемізді қиған болатынбыз. Осыны құрметіне Тәуелсіздік сарайы мен Қазақ елі монументінің жанына барып суретке түскенбіз. Бұл сурет біздің жаңа тарихымыздың ең бір керемет естелігі болмақ»
Рыскүл ӘЗІМБАЕВА
Әзімбаева Рыскүл есімді өз немересімен түскен суретін жіберіп, оған ерекше сипаттама берген.
«Конкурстың ережесін білемін, құрылыс нысанында түсу керек. Алайда мен өз немереммен түскен суретті жібергім келді. Өзім Семейденмін, Астанаға немереммен келген болатынмын. Неге немерем, неге Астана дейсіздер ғой? Астана еліміздің ең көркем, ең сұлу қалалырының бірі. Ең бастысы бұл – біздің елордамыз. Осы кереметті баламдай болған немереме көрсетпей тұра алмадым. Өкінішке орай, суретке түсу мүмкіндігі дәл осы кезде ғана орын алды. Дегенмен, осы сурет мен үшін өте ыстық»
Малика ӨТЕУОВА
Өз балашағысмен тарихи-танымдық жерлерді аралайтын Малика өз бала-шағасымен.
«Былтыр ашылған мына Ұлттық музей маған және менің балаларыма ерекше ұнайды. Музейдің өзі де, алдында тұрған ерекше архитектуралық фонтан да керемет жасалған. Қаламыздың жаңа атрибутикасына айналған бұл жер, меніңше, биылғы жылдың архитектуралық шедевры атағына лайық»
Әлішер ТІЛЕУМЕСОВ
Сабақтан тыс уақытта велосипед айдап, қаланы аралайтын оқушы бала Әлішер
«Пирамиданың (Бейбітшілік және келісім сарайы) маған ұнайтыны, мұнда бір мағына бар. Өзге ғимараттардың көбінде әдемілік бар да, мағына әлсіз не болмаса тіпті жоқ. Мағынасына келсек, біріншіден идеал фигура, екіншіден еліміздегі көпұлттылық пен көпконфессиялықтың белгісі, үшіншіден ұлттық нышандарымыз арқылы бейнеленген»
Дәурен Омаров