«Армандар орындалған Астана» фотобайқауы аяқталуға жақын
2015 жылдың 1 маусымынан бастау алған «Армандар орындалған Астана» фотобайқауына жұмыстардың қабылдануы 30 маусым күні аяқталады. Байқауға қатысқысы келетіндерде әлі бір апта уақыт бар. Фотобайқау шарты бойынша Астана қаласындағы бірегей архитектурасы бар құрылыс нысандарының фонында суретке түсіп, оған сипаттама жаза отырып, news@el.kz электронды поштасына жіберулері тиіс. Сипаттама «Не үшін дәл осы сурет сіз үшін ерекше?» деген сұраққа жауап болуы тиіс. Осы күнге дейін 40 аса жұмыс келіп түсті. Сол жұмыстардың ішінен ерекше шыққан фотоларды іріктеп, оқырман назарына ұсынамыз.
Қуаныш РЫСБАЙ
«Астана қаласындағы ең қатты ұнайтын архитектуралық нысан – «Астана-Бәйтерек». Алғашқы салынған кезде айналасы бос болатын, сол кезде үстіне шығып қаламыздың көркеюіп жатқанын өз көзімізбен жоғарыдан бақылайтын едік. Уақыт өте одан да биік ғимараттар салынып, көрініс біршама шектелгені бар. Дегенмен біріншінің аты бірінші демекші, біз үшін «Астана-Бәйтеректің» орны әрдайым ерекше»
Елена РУКАБЕР
«Мен үшін пирамида – мәңгіліктің белгісі. Бәлкім бұл ондаған жылдар бойы бұзылмай сақталып келе жатқан Мысыр пирамидаларынан туған ой болар... Дегенмен Астана қаласында осы ғимаратты саларда авторлар мәңгілік идеясын ескергеніне сенемін. Бұл жер маған қатты ұнайды, бос уақытымда немере іні-қарындастарыммен келіп серуендеп қайтамын»
Айша КАНАФИНА
«Артымда тұрған Елордамыздың сол жағалауындағы Қазмұнайгаз компаниясының ғимараты. Менің ойымша, «Бәйтерек», «Пирамида», «Хан-Шатыр» секілді ерекше құрылыс нысандарымен қатар осы ғимарат та Астанамызға ерекше көрік беріп тұрғандай»
Айымбек АХМЕТОВ пен Салтанат ӨТЕШОВА
«Астана Опера – елордамыздың мәдени астанаға айналуының символы. Әркімнің өзінің сүйікті жері, саябағы, тіпті ғимараты болса, біздікі осы Астана Опера»
Евгений ПАНЕВИН
«Соңғы жылдары Астанада неше түрлі инсталляцияларды байқап жүрмін, шынымды айтсам, маған бәрі ұнайды. Әсіресе жақында қойылған «Мен Астананы сүйемін» инсталляциясы, расымен де, мен Астананы сүйемін»
Гүлмарал НҰҒМАН
«Нұр Жол бульварында орналасқан мына бір фонтан өзіме ерекше ұнайды. Көзіміз үйренгені соншалықты, сол жағалауды онсыз елестету мүмкін емес. Су бұрқағының маңайында серуендеуден рахаттанамын»
Гүлжұпар Сайранбекова
«Ханның шатыры деген атауы бар сауда-сауықтыру кешенінің сырты да, іші де, идеясы да өте керемет. Бұл Астанамыздағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан бірден-бір архитектуралық нысан. Астана қонақтарын қыдыртуға таптырмас жер. Туыстарым, достарым келсе егер өзге жақтан, міндетті түрде Хан-Шатырға алып барам»
Жанар Қуатқызы
Ең әсем де сәнді ғимарат – Астана Опера
Әлихан Жакин
Қазақ халқының батыры Қажымұқан Мұңайтпасовтың есіміне ие болған Астанамыздың стадионы, болашақта мен де елімнің батыр атағына ие болғым келеді! Астанамызда спортқа қатысты ғимараттар мен алаңдар көбейе берсін!
Аина Ерсаинова
Астана жаңа қала, жаңа астана, күннен күнге көркейіп, әсем ғимараттарға ие болып келеді, болашақта астанамыз мәдениеті, архитектурасы дамыған қалалардыьң қатарына қосылса деген үміттемін, өзіме қаламыздың осындай көрікті ғимараттары ұнайды.