Жаңалықтар

Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды

Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды
Фото: instagram.com 08.10.2024 15:00 2503

Танымал сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды журналист Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол суық хабардан есеңгіреп отырғанын айтты.

Осы жаңа суыт хабарды естіп, көңілім құлазып отыр. Қазақта "аталатсаң да, боталатпа" дейді ғой. Қазір Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естіп, отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын,- деді тележүргізуші.

Айта кетейік, Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында мезгілсіз дүниеден өткен еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға