Жаңалықтар

Арғын Нығматулин қылмыстық іс қозғалғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған – Антикор

Арғын Нығматулин қылмыстық іс қозғалғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған – Антикор
Фото: shaiba.kz 20.03.2025 12:35 301

Нығматулиндер әулетінің үлкені Арғын Нығматулин Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалғанға дейін-ақ кетіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді.

Біз оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін-ақ ол елден кеткен, – деді Құрақбаев Сенаттағы брифингте.

Айта кетейік, 3 наурыз күні Арғын Нығматулиннің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұранысы бойынша іздеуде екені хабарланды. Кейін бұл ақпаратты Бас прокуратура растады. Ол мемлекеттік қаражатты жымқыру бойынша күдікке ілінген.

6 наурызда Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев Арғын Нығматулиннің халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді. 

19 наурызда оның ісі Бас прокуратураға 2024 жылдың желтоқсанында-ақ берілгені белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға