Аргентина құрамасы футболдан Мексиканы ұтты
Аргентиналықтар үшін бұл ойын шешуші болды
Фото: FIFA World Cup
Фото: FIFA World Cup
27.11.2022 05:17
2164
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Аргентина Мексиканы 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды El.kz.
D тобының 2-ші турындағы тартысты дода «Лусаил Айконик» стадионында өтті.
Аргентиналық команданың шабуылшысы Лионель Месси 64-ші минутта 18 метрден гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Командасына екінші голды алуға Месси көмектесті. Жартылай қорғаушы Энцо Фернандес 87-ші минутта Мессиден допты алып, қоржынға тағы бір ұпай салды.
Ойын нәтижесіне сәйкес, Аргентина С тобында екінші орынға көтерілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде 9 өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды