Жаңалықтар

ArcelorMittal компаниясын тексеруге халықаралық сарапшылар тартылады

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
ArcelorMittal компаниясын тексеруге халықаралық сарапшылар тартылады
Фото: Үкімет 09.12.2022 18:47 859

Жұма, 9 желтоқсанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен кездесті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) кәсіпорнындағы қауіпсіздік жағдайына аса алаңдаушылық білдірді.

Өз кезегінде Виджей Гоял адам өліміне әкелген қайғылы жағдайларға байланысты көңіл айтып, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АМТ-нің жауапкершілігін мойындады. Ол ArcelorMittal компаниясы өндірістік қауіпсіздікті күшейту жұмыстарын жалғастыратынын растады және компанияның қайтыс болған жұмысшылардың отбасыларына толық қолдау көрсететіне уәде берді.

Сонымен қатар Виджай Гоял АМТ басшылығы Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеуге толық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында меморандумға қол қойылды, оған сәйкес қазақстандық тарап компанияның жұмысын бағалау үшін халықаралық сарапшыларды тартатын болады.

Бұл ретте АМТ бағалау жүргізу кезінде өндіріс көлемін, кәсіпорындағы жұмыспен қамту және жалақы деңгейін сақтауға міндетті болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға