Жаңалықтар

Қарбыз фестивалі (ФОТО)

Қызылордада қарбыз фестивалі өтті.
17.09.2015 03:33 5766

Қызылорда қаласында Қарбыз фестивалі өтті. Астық жиналып, егін жиналып жатқанда өтетін шара жастардың жыл сайын өткізетін дәстүрлі фестивалі болуы мүмкін.

Қарбыз фестивалі (ФОТО)

Үстіміздегі жылдың  11-ші қыркүйек күні Орталық алаң маңында Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Ұлағат ұландары» жасағының «ҚарбызФест - 2015» атты қорытынды шарасы өтті.

Қарбыз фестивалі (ФОТО)

Мамыр айында өздерінің 15 жылдық мерейтойын атап өткен «Ұлағаттықтар» биылғы жылы өздерінің 16-шы жазғы тынығу лагерь маусымын аяқтады. «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында жаз маусымында 40 студент-жас облысымыздағы 7 тынығу лагерінде тәлімгерлік қызмет атқарды.

Шара барысында облыстық ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев және «Студент Жастар Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Әждар сөз сөйлеп,  жаз мезгілінде тынығу лагерьлерінде белсенділігімен көзге түскен тәлімгерлерді маусым қорытындысымен құттықтап, алғысын білдіріп, үздіктерді марапаттады.

Қарбыз фестивалі (ФОТО)

«ҚарбызФест» фестивалі биылғы жылы 4-ші мәрте қала тұрғындарын қызықты сайыстарымен, көңілді концерттік бағдарламасымен қуантып келеді. Шараға қала тұрғындары, жастар ұйымдары, жас көшбасшылар және «Ұлағаттықтар» қызмет атқарған лагерь тынығушылары қатысты. Қала жастары «Қарбыз кескіш», «Қарбыз жегіш», «Қарбыз көтергіш», «Қарбыз ФРЕШ» сынды сайыстар бойынша бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша «Қарбыз кескіш 2015» номинациясын Қорқыт Ата ат. ҚМУ 3 курс студенті Ғалымжан Данияр, «Қарбыз жегіш 2015» - Қорқыт Ата ат. ҚМУ 4 курс студенті Габбасов Есет, «Қарбыз көтергіш 2015» - Пірназаров Нұржұман Қорқыт Ата ат. ҚМУ 3 курс студенті, «Қарбыз ФРЕШ 2015» қарбыз шырының ішу сайысынан Болашақ университетінің 4 курс студенті Абдрахман Али естелік сыйлықтармен марапатталды. Кештің ерекшелігі лотерея да, қонақтар назарынан тыс қалған жоқ. Ол үшін қатысушылар өздері алып келген 1 қарбызды лотерея билетіне айырбастау қажет. Фестиваль соңы би кешімен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға