Жаңалықтар

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов түрмеге барды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов түрмеге барды
Фото: instagram.com/kuat__khamitov 24.01.2024 18:31 5406

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов пен отандық эстрада жұлдыздары Алматы облысындағы колонияға барған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарындағы №12 Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік концерт өткен.

Аралас жекпе-жек шебері және ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов сотталғандармен спорттың пайдасы және саламатты өмір салты жайлы әңгімелескен.

Біз сотталғандарға қолдау көрсетуге келдік. Бұл жерде де талантты азаматтар бар. Оларға өз отбасыларына тезірек оралсын деп тілейміз, - деді Хамитов.

Ал эстрада жұлдыздары Серікбол Сайлаубек, Қазыбек Әдікей, Болатбек Досыбаев, Асқар Жанұзақов пен Еркебұлан Махмұт концерт өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға