Жаңалықтар

Арал теңізінің 15 мың гектар аумағына сексеуіл егілетін болды

Арал теңізінің 15 мың гектар аумағына сексеуіл егілетін болды
Фото: gov.kz 06.04.2025 11:47 356

Қызылорда облысында Арал теңізінің тартылған аумақтарында жердің құнарлығын сақтау мақсатында 15 мың гектар жерге сексеуіл егіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арал теңізінің жағдайы өзекті мәселелердің біріне айналды. Қуаңшылық салдарына теңіз тартылып барады. Десе де, мемлекет тарапынан да жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен биыл осы аумақта 100 гектар жерде фитоорман-мелиорация жұмысы жүргізіледі. Нақты айтқанда сексеуілден бөлек, 85 мың гектар жерге галофитті тұқымдар себіледі екен.  

Облыс аумағында 7,3 млн гектар жер мемлекеттік орман қорына тиесілі. Оның 3,8 млн гектары – орманды алқаптар. Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін көктем және күз айларында 376,3 мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмысы жүргізіледі, – деді Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Мәріп Акбар.

Дүниежүзілік банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен Қазалы ауданында сексеуіл, саялы ағаш көшеттерін дайындау мақсатында 33,5 гектар аумақта тұрақты орман тұқымбағы құрылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға