Жаңалықтар

Арабша жазуы бар тумен фотоға түскен тағы бір қыз жазаланды

Арабша жазуы бар тумен фотоға түскен тағы бір қыз жазаланды
Фото: Әлеуметтік желі 01.04.2025 21:10 387

Атырауда арабша жазуы бар Қазақстан туын ұстап, фотоға түскен тағы бір жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің  434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ұсақ бұзақылық).

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 23 наурызда кәмелетке толмаған А. басқа үш құқық бұзушылармен бірге Атырау қаласындағы мұз айдыны ғимаратында араб тіліндегі жазуы бар Қазақстан Республикасының туымен суретке түсіп, оны әлеуметтік желі арқылы таратып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Құқық бұзушының әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзуышылық туралы хаттамамен, фотосуретпен, баянатпен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не 5-тен 15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген. 

Сот қаулысымен кәмелетке толмаған А.-ның заңды өкіліне әкімшілік жаза ретінде 39 320 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Қара түсті хиджаб киіп, Қазақстан туын ұстағандарға қылмыстық іс қозғалғаны туралы жаздық.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға