Жаңалықтар

Араб компаниясы Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салады

Араб компаниясы Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салады
Фото: gov.kz 15.03.2023 22:00 1250

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) қолдауы арқылы  Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығында Abu Dhabi Sewerage Services Company-дің (ADSSC) еліміздің қалаларында кәріз-тазарту жүйелерін салып, жаңғырту жобаларына қатысу мүмкіндіктеріне арналған кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған іс-шараға «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы А.Өмірбаев және Abu Dhabi Sewerage Services Company-дің басқарушы директоры, сондай-ақ басқарма төрағасы А. Шамси қатысты.

Бұл орайда Қазақстандық орталықтың өкілдері еліміздегі кәріз-тазарту жүйелерін салу мен жаңғырту жобаларын іске асыруға бағытталған тұжырымдамасы, сонымен бірге қаржыландыру тетіктерін айтып берді. Бұдан басқа Қазақстанның 68 қаласындағы су бұру құрылыстары мен желілерінің қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Осы бағыттағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін әлеуетті инвесторлардың инфрақұрылымдық жобаларға қатысу перспективалары талқыланды.

Өз кезегінде шетелдік компанияның өкілдері республикадағы кәріз-тазарту инфрақұрылымының жағдайын зерттеп, талдауға байланысты өз ұсыныстарын жеткізді.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара тиімді әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Осы ретте Abu Dhabi Sewerage Services Company – Абу-Даби Әмірлігінде қатты және сұйық қалдықтардан жиналатын ағынды суларды қауіпсіз жинап, тазартумен айналысатын мемлекеттік коммуналдық компания екенін айта кетейік. Аталған компанияның активінде 40-қа жуық кәріз тазарту қондырғысы және 260-тан астам сорғылау стансасы, сондай-ақ 12,606 шақырымдай кәріз желісі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға