Жаңалықтар

Қарақат Әбден Президенттікке үміткер ретінде әбден лайық деп танылды

Бұл туралы ОСК отырысында айтылды
Қарақат Әбден Президенттікке үміткер ретінде әбден лайық деп танылды
Фото: El.kz 11.10.2022 11:21 2497

Oрталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz  

Орталық сайлау комиссиясы Президентікке үміткер ретінде тіркелген Қарақат Әбденнің президентікке кандитат ретінде ұсынылғаны негізінде ешқандай кедергі жоқ екендігі айтылды. Қарақат Жақсылыққызы лингвистикалық комиссиясының барлық талаптарына сай келіп отыр. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігімен қатар жоғары білімі бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте 9 жыл жұмыс қызмет еткен.

«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан президенттік сайлауға кандитат ретінде ұсынылғаны расталып отыр», - деді комиссия мүшелері. 

Қарақат Жақсылыққызы ҚР Заңына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес екені хаттамамен бекітілді. Бір ауыздан Президентікке кандитат ретінде қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға