Жаңалықтар

Қарағандының Достық үйінде мемлекеттік тілді үйренуге арналған «Мәміле» сұхбат клубы ашылды

Қарағандының Достық үйінде мемлекеттік тілді үйренуге арналған «Мәміле» сұхбат клубы ашылды
14.01.2019 06:25 2879

​Қазақ тілін тарих пен қазақ халқының құндылықтарын насихаттау арқылы үйрену және жетілдіру үшін Қарағанды облысының Қазақстан халқы ассамблеясы ресурстық тіл орталығымен бірлесе отырып «Мәміле» сұхбат клубы атты жаңа жоба іске асырылды.

Бұл тілді үйренушілерге арналған диалог алаңы болып табылады. Сонымен қатар, тілді үйренушілер қазақтың салт-дәстүрін үйренуге мүмкіндік алады. Мұндай кездесулер Қарағандының Достық үйінде аптасына бір рет өткізілетін болады.  

Сонымен қатар, Ресурстық тіл орталығы негізінде тұрақты түрде ересектер үшін мамандар Қазақстанның латын графикасы негізіндегі қазақ алфавитіне неліктен ауысып жатқаны туралы айтып, тілек білдірген кез-келген азаматты латын графикасы бойынша жазуға және оқуға үйрететін болады. 

Жалпы, ресурстық тіл орталығы тарапынан ең алғашқы тренинг өткен жылдың шілде айында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен  өткізілді. Содан бері ұжым орталық өткізген шараларға қатысып, белсенділік танытып келеді.

«Жаңа әліпбидегі әріптерді дұрыс танып, жазып үйрендік. Ішкі қобалжудан да арылдық. Енді емле ережесін жетік меңгерсек»,- дейді «Қоғамдық келісім» қызметкерлері. «Аудиодиктант жазамын» акциясына  белсене қатысып, этномәдени орталық өкілдері де жақсы нәтиже көрсетті.

Жаңа қазақ алфавитіне оқытуды және  визуалды қабылдауды жеңілдету үшін түрлі акциялдар мен жобалар ұйымдастырылып тұрады. Әлеуметтік желі қолданушылары үшін (Facebook, Instagram) "Қазақша оқы, latynsha jaz», «Аудиодиктант жазамыз», «Мақалды жалғастыр» инттелектуалды ойыны ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар, Youtube арнасында Q-ǴALAM арнасы құрылып, онда Latyn-karaoke» жобасы негізінде әзірленген караоке-әндер орналастырылды. Жобада танымал қазақ әндері ұсынылып, осы арқылы тыңдаушылар визуалды түрде алфавиттің жаңа әріптерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға