Жаңалықтар

Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

Күдікті 18 және 20 жастағы жас жігіттерді өлтірген
Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды
Фото: 24.kz 26.07.2022 15:53 1801

Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің ауласында екі жігіттің мәйіті табылды. Көп ұзамастан полицейлер оларды өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 шілдеде сағат 1.30 шамасында болған.

«Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан екі ер адамның мәйіті табылды. Адам өлтірді деген күдікпен іргелес тұрған тұрғын үйлер маңынан 23 жастағы күдікті ұсталды. Ол үй ауласында тұрғанда жанжал туындап, сол кезде екі жігітті пышақтап тастағанын мойындады. Күдіктіден қылмыс қаруы тәркіленді», деді полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция зардап шеккендердің кім екенін анықтады. Олар: 18 және 20 жастағы жас жігіттер», деді Әбілдин.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға