Жаңалықтар

Қарағандыда жастардың үздік стартап-жобалары анықталды

Қарағандыда жастардың үздік стартап-жобалары анықталды
02.10.2019 12:39 1886

Қарағандының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының аясында жастардың келелі стартаптарының тұсаукесері» жобасы өтті.

Қарағандыда жастардың үздік стартап-жобалары анықталды

Оның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бастауыш жобаларды насихаттау арқылы жастарды белсенді әлеуметтік өмірге ынталандыру.

Игілігі мол шараның қатысушылары форсайт-алаңда меценаттар мен инвесторлардың сараптамасы мен қолдауын қажет ететін өзекті «Start-up» жобалардың тұсауын кесіп, жұмыстарымен таныстырды. Достық үйінің Атриум залында қолөнершілердің, жастар стартапшылардың өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.

Қарағандыда жастардың үздік стартап-жобалары анықталды

Шарада әрбір қатысушы халықты жаңа жобасымен таныстырып, болашаққа қойған мақсаттармен бөлісті. Жоба авторларына тиісті сұрақтар қойылып, кәсіптерінің сәтті жене кем тұстарына назар аударылды.

Айта кетейік, жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын. Идеяларын әлеуметтік жоба ретінде ұсынған 3 мыңға жуық авторға грант ұтып алу мүмкіндігі берілді.

Мемлекеттік грантты ұтып алып, бүгінде өз кәсібін алға сүйреп жүргендердің бірі – Айым Итбаева. Айым арнайы құрылғының көмегімен құс жұмыртқаларын бақылай отырып, балапандардың өсіп-жетілуіне жағдай жасайды.

«Құс шаруашылығымен айналысу ауылдық мекендерге өте ыңғайлы кәсіп. Гранттың арқасында біз арнайы құрылғы сатып алдық. Ендігі кезекте 300-жуық құсқа қолайлы орта жасап, жем-суымен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта бұл кәсіпті әрі қарай дөңгелетіп, ауқымын кеңейткіміз келеді», - дейді жас кәсіпкер.

Қарағандыда жастардың үздік стартап-жобалары анықталды

Жобаға қатысушылар өз жоспарларымен бейнеролик арқылы бөлісіп, таныстырды. Сондай ақ, өздерін еліміздің белгілі кәсіпкерлері де қолдайды деп сенеді.

Семинар соңында үздік стартап-жобалар жарияланып және барлық қатысушыларға сертификаттар таратылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды өңірінде облыстық Ассамблеяның ұйымдастыруымен екі мәрте «Сарыарқа жастары» форумы өтті. Онда жастар өздерінің әлеуметтік жобаларын ұсынып, іріктелген үздіктері бүгінгі аталмыш шарада таныстырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға