Жаңалықтар

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінен мәлім етті
Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
Фото: 24.kz 18.10.2022 12:09 2058

Қарағанды облысында "STOP-игра" жедел алдын алу іс-шарасы аясында "Покер" карта ойыны түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған өңір тұрғынының қызметі әшкереленді, деп хабарлайды El.kz 

Қарағанды қаласында қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубының қызметін әшкереледі. Тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, покер фишкалары, ойын карталары, покер жиынтығы және "Покер"ойнауға арналған үстел табылып және тәркіленді. Ұйымдастырушы бастапқы ақшалай мөлшерлемемен ақша қаражаты үшін фишкаларды сату арқылы құмар ойындар өткізілгені анықталды. 

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға