Жаңалықтар

Қарағандыда өткен чак-чак мерекесі этнос өкілдерінің басын қосты

Қарағандыда өткен чак-чак мерекесі этнос өкілдерінің басын қосты
23.10.2018 12:47 1959

Қарағанды қаласының Достық үйінде дәстүрлі «Чак-чак» мейрамы атап өтілді.

Татар этномәдени орталығының ұйымдастырған мейрамына өзге де этномәдени бірлестігінің төрағалары мен өкілдері қатысып, қуаныштарына ортақтасты.  

Бұл мейрам береке мен молшылықтың нысаны ретінде татар халқының ең дәмді чак-чак асының құрметіне аталған. Мереке барысында татар халқының ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды.

Мерекені тамашалауға келгендер чак-чактан ауыз тиіп, татар халқының ұлттық киімімен ән салып, би билеген өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Шараның ұйымдастырушысы Гульфия Сатретдинова, мұндай мерекелер жастарды салт-дәстүрімізді құрметтеуге, мәдениетімізді насихаттауға бағытталған дейді.

Этномәдени орталықтар атынан құттықтау ретінде «Дагестан» ұлттық-мәдени орталығы» «Хайдакъ» ансамблінің өнерпаздары өздерінің ықыласы ретінде тамаша биден шашу шашты.

Гитарамен ән шырқаған Ринат Сұлтановтың орындауын көрермендер ерекше қабылдады.

Облыстық Ассамблея мен Аналар кеңесінің мүшесі Суфия Сатретдинова «Чак -чак Байрам» мерекесі татар халқының қонақжайлық салт-дәстүрін, татулықты, бауырмалдықты нығайтатынын атап өтті.

Ең бастысы – чак-чак мерекесі әр түрлі этнос өкілдері бас қосқан біртұтастық іс-шарасына айналды. Шара әртістердің ортақ орындаған «Сәләм, дуслар!» әнімен аяқталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға