Жаңалықтар

Қарағандыда әскери қызметші қайтыс болды

Оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 859 әскери бөлімінде болды
Қарағандыда әскери қызметші қайтыс болды
Фото: baq.kz 30.08.2022 14:22 1830

Қарағандыдағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz.

Оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 859 әскери бөлімінде болды.

Шеру кезінде 24 жастағы әскери қызметшінің жүрегі ұстап қалған.

«Медицина мамандары оған бірден көмек көрсеткен, сонымен қатар жедел жәрдем шақырды. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Алдынала болжам бойынша әскери қызметшінің өлімінің себебі - панкреонекроз, дейді мамандар.

«Әскери қызметшінің есімі Елсұлтан болатын. Ол ешқашан денсаулығына шағымданбады. Жыл сайын медициналық тексеру жүргізілді - бұл міндетті шара. Биыл ол 30 тамыздан 1 қыркүйекке дейін медициналық тексеруден өтуі керек еді. Сол күні әскери қызметшінің көңіл күйі жақсы болды, қызметті күшейту күндерінің алдында практикалық сабақтарға қатысты. Ол кәсіби маман болатын, оны қызметте жоғарылатуды жоспарлап отырған едік», - деді подполковник Жанат Омаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға