ҚАРАҒАНДЫДА ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қарағанды қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық қызметі» атты ақпараттық анықтамалығының тұсаукесері өтті.
Ақпараттық анықтамалықта Қарағанды облысындағы ғылыми-сараптамалық қызметінің жоспарлы әрі жүйелі түрде жүргізген жұмыстарының нәтижелері көрсетілген.
Іс-шара барысында қатысушылар соңғы бес жылдағы облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық қызметінің тиімділігін атап өтті. Тұсаукесердің қорытындысы бойынша доцент М.Сүлейменова анықтамалықтың редакциялық кеңесіне алғыс айтып, ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелеріне алдағы атқарылатын жұмыстарына табыс тіледі.
Аталған іс-шараға ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы сонымен қатар Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, студенттері қатысты.
