Қарағандыда Х облыстық шығармашылық марафон өтті

20.05.2019 16:38
4026
Қарағандының Достық үйінде «Алые паруса» Х-шы облыстық шығармашылық марафонынының гала концерті өтті.
Олар марафон бойы вокал, хореография, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері, театр ұжымдары, аспаптық, ауызекі сөйлеу және өзіндік жанрлар атты жеті номинация бойынша өнер жарыстырды.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Олар марафон бойы вокал, хореография, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері, театр ұжымдары, аспаптық, ауызекі сөйлеу және өзіндік жанрлар атты жеті номинация бойынша өнер жарыстырды.
Концертке қатысушылар әуелете ән салып, мың бұрала би билеп, күмбірлете күй төгіп, мәнеріне келтіріп өлең де оқыды. Қоғамда барлық жанның өзіндік орны бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеген марафонға қатысушы барлық жеткіншектер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрерменді таңқалдырды.Көру қабілеті нашар жас домбырашы Ерназар Амантаев «Әлқисса» күйін шеберлікпен ойнап көрермен көңілінен шықты.
Ең кішкентай қатысушы 6 жасар Сергей Касьянов «Мен жолға сурет саламын» әнімен көрерменді бей-жай қалдырмады.
Барлық қатысушылар ешқандай фонограммасыз, жанды дауыста өнер көрсетті. Шара соңында барлық өнерпаздар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қайырымгерлер мен мецанаттар клубының арнайы дайындаған демеушілік сыйлықтарына ие болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Театрдың елеулі-елеусіз өкілдері
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды