Жаңалықтар

Қарағандыда имамдар форумы өтті

Қарағандыда имамдар форумы өтті
21.11.2019 09:40 3303

Қарағанды қаласында Достық үйінде «Рухани құндылықтар - қоғам бірлігінің негізі» тақырыбының аясында имамдардың III облыстық форумы өтті.

Форум жұмысына Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының орынбасары, «Әзірет Сұлтан» республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, қалалық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, аймақтың 300-ден астам имамы, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен теологтар қатысты.

Қарағандыда имамдар форумы өтті

Наурызбай қажы Тағанұлы аталған шараның «Қазақстан мұсылмандары діни тұғырнамасы», «Жеті рухани тірек», «Рухани қызметшілер орындайтын діни жоралар тізілімі», «Рухани қызметкерлердің лауазымдық міндеттері», «Діни лауазымдар тізілімі» сияқты бірқатар маңызды құжаттар бекітілген республикалық форум аясында өтіп жатқандығын айтты. Бұл құжаттар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп дайындалған.

Қарағандыда имамдар форумы өтті

Алқалы басқосуға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов: «Имамдардың форумында қабылданған құжаттар руханилыққа зор серпін беріп қана қоймай, үлкен жауапкершілік жүктейді. Онда Қазақстандағы ислам дамуының өзіндік жолын айқындайтын адамгершілік, патриотизм, білімділік, бірлік, еңбексүйгіштік, мәдениеттілік және әділдік сынды негізгі рухани құндылықтар мен бағдарлар бекітілген» -деп атап өтті. Мұндай құжаттардың елімізде алғаш рет қабылданып отырғандығын айта кеткен жөн. Бұл діни ұғымдарды, рәсімдер мен міндеттерді бірыңғай түсіну мен түсіндіру қажеттілігінен туындап отырған жағдай.

Қарағандыда имамдар форумы өтті

Өз кезегінде сөз алған облыстық Ассамблеяның өкілі, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ерлан Құсайын: «Біздің басты құндылығымыз - бейбітшілік пен бірлік, еліміздің әл-ауқатының артуы. Дін - тек тұрақтылық пен келісім орнаған қоғамда ғана өркендейді. Осындай маңызы мен мәні зор іс-шараның Достық үйінде өткізілуі кездейсоқтық емес. Бүгінгі таңда біздің елімізде 100-ден астам этностар бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті ғұмыр кешуде және қазіргі қолдағы бар нәрсені сақтап қалу - біздің ортақ парызымыз. Өйткені, өз елінің нағыз патриоты адамдарды ізгілікке, бейбітшілік пен бірлікке шақырады. Шынында да, туған халқыңа адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ», - деді.

Қарағандыда имамдар форумы өтті

Форум соңында қатысушыларға қабылданған арнайы құжаттар кітапша түрінде таратылды.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға