Жаңалықтар

Қарағандыда этномәдени бірлестіктерінің күні одан ары жалғасуда

Қарағандыда этномәдени бірлестіктерінің күні одан ары жалғасуда
21.09.2018 06:49 2111

Бүгін Қарағандыдағы Достық үйінде қалалар мен аудандардың этномәдени бірлестіктерінің күндерінің екінші кезеңі өтті. 

Аталмыш шара блыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында өткізілуде.  

Оған Нұра, Абай, Бұқар жырау, Осакаров аудандарының өкілдері Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында бірлестіктердің қызметі туралы бейнежазбалар, хореографиялық, вокалдық және аспаптық ансамбльдердің көрсетілімдері, сондай-ақ халық өнерінің және қолданбалы өнердің көрмесі ұсынылды.

Іс-шараға Қоғамдық кеңес мен Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер мен сарапшылар клубы мүшелері, қаланың мектептері, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының  өкілдері қатысып, бірлестіктердің ұлттық тағамдарынан дәм татты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға