Жаңалықтар

Қарағандыда Достық үйінде Жолдаудың ережелерін орындауға қатысты ой-пікір алмасу өтті

Қарағандыда Достық үйінде Жолдаудың ережелерін орындауға қатысты ой-пікір алмасу өтті
12.10.2018 04:58 1829

Қарағандыдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша Бірыңғай республикалық күні аясында облыстық ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті.

Алқалы жиында сөз алған облыстық ҚХА мүшесі, «Болашақ» Академиясының алғашқы проректоры Гүлнар Ырысмағанбетова Президенттің бұл Жолдауы ерекше екенін, өйткені қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыруға нақты бағытталғанын атап кетті. Сондай ақ, Жолдаудың ерекше мән беретін бірқатар ерекшеліктеріне тоқталды. Олар – білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, әр отбасының жайлы да қауіпсіз өмір сүру мәселелері.

Жолдауға қатысты этномәдени бірлестіктер атынан өз ойын ортаға салған «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының алдындағы бірден-бір міндет – бейбітшілік пен келісім тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазығына айналған Ассамблея мүшелері Жолдауға қызу қолдау көрсетіп, тарихи құжаттың маңыздылығын ел арасында насихаттауға толық әзір екендіктерін жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми тәжірибелер, туризм саласы, геологиядағы,  өндірістің инновациялық технологияларындағы жетістіктерін насихаттау туралы айтқаны көңілге өте қонымды әрі осыны қолға алып, нәтиже шығару күн тәртібінде тұрғанын баса айтты.

Президенттің Жолдауындағы ең маңызды бөлім келер жыл  «Жастар жылы» деп жариялануы. Әрбір жасқа мүмкіндік беріліп, сенім жүгі артылғанын түсінген облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы, әрі «Дакия» румын қоғамдық бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Александр Урмашов: «Жол ашылды. Бағдар бар. Бағыт айқын. Атқаратын, атқарылатын жұмыстар жетерлік. Елі сенген Елбасы ел ертеңі – жастар деуінің өзі әрқайсымызды қанаттандырғаны сөзсіз. Біліммен қаруланып, технологияны меңгеріп, бүгініміз бен ертеңіміз үшін аянбай еңбек етіп, әр іске бел байлап, білек түре кірісетін уақыт бұл»,- деді А. Урмашов.

Қарағанды ​​облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысындағы айтылған бірқатар ұсыныстарды тыңдап талқылаған қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауына қолдау білдіріп резолюция  қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға