Жаңалықтар

Қарағандыда қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптейтін зияткерлік ойын өтті

Қарағандыда қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптейтін зияткерлік ойын өтті
01.04.2019 12:10 4685

Қарағандыда жастар арасында қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптейтін «Халық дәстүрлерінің ұлы құндылығы» зияткерлік ойыны өтті.

Аталмыш шараның басты мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап өткендей ұлттық салт-дәстүр, тіл, музыка және әдебиет, жалпы айтқанда ұлттық кодты дәріптеу. Сондай-ақ, мемлекеттегі ұлттық саясатты іске асыру бойынша қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар мәдениетін дамыту.

Айта кетерлік жайт, бұл шара Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған «Қазақтану» жобасы аясында өтті. Жоба идеясы алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында көтерілген болатын. Сондай-ақ аталмыш жоба Қазақстан этностарының арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған.

Байқау негізінде өткізілген бұл шараға өңірдегі тарих, филология, мәдениет саласының мамандары қазылық еті. Қазылар алқасының төрайымы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова жас буын өкілдері елімізде тұрып жатқан этностардың қазақ халқыныңың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсуі үшін дәл осындай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. «Осы ретте Ассамблеяның атқарып жатқан орасан жұмысын атап өткен жөн. «Қазақтану» жобасының қолға алынғанына сәуір айында бір жыл толады. Осы уақыт ішінде біршама танымдық, тағылымдық шаралар өткізілуде», - деп атап өтті.

Ойын барысында Қазақстан тарихы және қазақтың салт-дәстүрі жайлы танымдық сұрақтар қойылды. Жалпы саны 6 топ қатысқан ойынның алғашқы айналымында қатысушылар шілдехана дәстүріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Екінші турда келін түсіру салты бойынша өз білгендерін ортаға салды. Ал «Қазақтану» деп аталған үшінші турда қатысушылар сахнада салт-дәстүрлер туралы қойылымдар көрсетті.

Қазылар шешімін анықтағанша лоторея ойыны өткізіліп, бағалы сыйлықтар үлестірілді. Шара соңында үздік деп танылған Қарағанды банк колледжінің «Сүйінші» тобы Бас жүлдеге ие блды. Бірінші орын «Тұлпар» тобына бұйырды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Сонымен қатар «Достық үйінің» фойесінде қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға