Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы өртті сөндіруге 45 бірлік техника жұмылдырылды

ТЖ жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды
Қарағанды облысындағы өртті сөндіруге 45 бірлік техника жұмылдырылды
Фото: Төтенше жағдай министрлігі 24.06.2022 13:57 939

Қарқаралы ауданында екі ошақта табиғи өртті сөндіру жалғасуда. Өртті жою жұмыстары жер үсті және әуе тәсілдерімен жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнында  Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, полицияның, «Алтай Полиметалы» ЖШС күштері мен құралдары, барлығы 233 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысындағы өртті сөндіруге 45 бірлік техника жұмылдырылды

ҚР ТЖМ суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ жұмылдырылды. Барлығы  70 су ағызу жүзеге асырылды.

ТЖ жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 га құрайды. Өртті сөндіру қиын таулы-жартасты жерлермен, су қоймаларының жанында болмауымен, қатты және ауыспалы желмен күрделенген.  Өртті өндіру үшін су жеткізу ұйымдастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға