Жаңалықтар

Қарағанды әуежайы жауапкершілікке тартылды

"Сарыарқа" әуежайы" АҚ өкілі сот отырысы барысында бұзушылық фактісін мойындады.
Қарағанды әуежайы жауапкершілікке тартылды
Фото: дереккөз 16.09.2022 00:59 2200

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу нәтижелері бойынша "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-ға қатысты іс қозғады, деп хабарлайды EL.KZ агенттікке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметіне қарағанда, әуежай ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармағын бұзу, атап айтқанда 2018-2019 жылдары ішкі әуе желілері бойынша авиажанар-жағар майды сату кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

"Сарыарқа" әуежайы" АҚ өкілі сот отырысы барысында бұзушылық фактісін мойындады.

02 қыркүйекте Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Сары-Арқа "әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 (елу миллион екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 (отыз бір миллион бір жүз төрт мың тоғыз жүз он екі) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға