Жаңалықтар

Қарағанды облысында арнайы мекемелерге есірткі кіргізгендер анықталды

Қарағандыдағы тергеу изоляторында 39 жастағы Абай қаласының тұрғыны ұсталды
Қарағанды облысында арнайы мекемелерге есірткі кіргізгендер анықталды
Фото: рolisia.kz 28.09.2022 15:40 872

Қарағанды облысында арнайы мекемелерге есірткі кіргізудің үш фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сағат 22.00 шамасында Қарағанды облысы Балқаш қаласының полицейлері белгісіз біреудің уақытша ұстау изоляторына пакет лақтырғанын көріп қалған. Балқаш қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай” 37 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ, арнайы мекемеге тасталған пакет тәркіленіп, оның ішінде жасыл түсті зат алынды. 

Ешкімге білінбейтіндей етіп дайындалған өсімдік тектес затты Саран полицейлері де анықтады. Бұл оқиға 43 жастағы қала тұрғынының арнайы емдеу-алдын алу мекемесінде емделіп жатқан адамға тамақ әкелу кезінде анықталған. Күдіктінің емделушіге әкелген тамақтарын тексеру барысында пакеттегі айранның ішінен пакетке оралған жасыл өсімдік тектес зат анықталған. 

Сондай-ақ, Қарағандыдағы тергеу изоляторында 39 жастағы Абай қаласының тұрғыны ұсталды. Азаматша тергеу изоляторында жатқан күдіктіге тамақ және киім-кешек әкелген. Оны тексеру барысында резеңке аяқ киімнің табанынан үш полимерлік пакет тәркіленді. Оның бірінде жасыл түсті иісті заттың болғаны анықталды. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға