Жаңалықтар

Қарағанды ҚХА: Елбасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы біртұтас ұғым

Қарағанды ҚХА: Елбасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы біртұтас ұғым
02.12.2019 18:15 2264

Қарағандының Достық үйінде өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы Тұңғыш Президент күніне арналып, «Кемеңгерліктің дара жолындағы ұлы тұлға» деген тақырыппен өтті.

Қарағанды ҚХА: Елбасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы біртұтас ұғым

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, облыстық Ассамблея мүшелері, қалалар мен аудандар әкімдері, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және жоғары оқу орындарының өкілдері бас қосқан жиында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қатысуымен өткен Ассамблеясының XXII сессиясында айтылған ой-пікірлер тағы бір сараланып, оны іске асырудың жолдары нақтыланды.

Алқалы жиында облыстық Ассамблея Төрағасының орынбасарлары болып облыстық мәслихаттың депутаты, «Алтын жүрек» сыйлығының иегері Бекзат Алтынбеков пен «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев тағайындалды.

Сондай-ақ, елдегі бейбітшілік пен татулықты орнықтырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен бірлігімізді нығайту бағытындағы маңызды мәселелер де осы шарада тілге тиек етілді.

Қарағанды ҚХА: Елбасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы біртұтас ұғым

Атап айтсақ, арнайы сөз алған ғылыми-сарптама тобының төрағасы, еврей мәдени бірлестігінің төрағасы Вилен Молотов-Лучанский «Менің ұлтым басқа болғанмен, қасиетті қазақ жерін өз Отаным санаймын. Осында туып, осында көктедім. Білім алып, отбасын құрып, жасасып келемін. Қазақстандағы татулық пен ынтымақ - ештеңеге тең келмейтін байлығымыз. Сарабдал саясаткер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мың алғыс» деді.

Ал, Вильнюс Университетінің профессоры, құрметті мейман Альгис Вишнюнас болса, Қазақстанға, әсіресе Қарағанды жеріне әр келуім қуаныш деп сөзін бастады. «Мұндағы ерекше ілтипат, қонақжайлылық, татулық көп елге үлгі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас үшін Ассамблея төрағасыНұрсұлтан Әбішұлына рахмет» деді.

Қарағанды ҚХА: Елбасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы біртұтас ұғым

Сессия жұмысын жүргізіп отырған аймақ басшысы Жеңіс Махмұдұлы облыстық Ассамблея құрылымдарымен бірге іске асырылған ілкімді жобаларды атап, келешекте де бұл жалғаса беретінін айтты. «Қазақтану», «Ұлы Дала елі», «Елтану», «Күлтегін жыры», «Мың бала», «Бұқарекең жырлайды», «Даланың дара данасы» сынды бірегей жобалар халық арасында ерекше қолдауға ие болғанын да атап кетті.

Құрметті меймандар арасында Елбасымызбен замандас, үзеңгілес достары да болып, Ұлт көшбасшысының еңбек жолынан естеліктер айтты. Елбасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы біртұтас ұғым. Олай болса, елімізде тұрып жатқан этностар біртұтас халықты құрайды. Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі – ол этностар арасындағы қарым-қатынасты сақтаушы ұйымға ғана айналып қоймай, еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан, құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналуында.

Сессия барысында Шет ауданының орта мектеп оқушысы Евгений Янке сөз алып, ақиық ақын Мұқағалидің «Отан» өлеңімен бастады. Қарапайым ауыл баласы өзінің туған жерге, еліне деген шексіз махаббатын өлең жолдарымен тебірене жеткізді.

Қарағанды ҚХА: Елбасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы біртұтас ұғым

«Қазақ тілі менің туған тілім. Өзімді сарымның сары баласымын, жаным қазақ деймін. Бүгінгі кездесу біздің баршамыз үшін пайдалы және мағыналы болды деп ойлаймын. «Бірлігі күшті ел озар» дейді дана халқымыз. Сондықтан баға жетпес басты байлығымыз бірлік, татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз тұрақтылық, келер күнгі кемел келешекке жетелейтін жарқын жолда баршамызға табыс пен сәттілік  тілеймін», - деді ол.

Сессияның ресми бөлігі аяқталған соң, облыс басшысы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктерді марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға