Жаңалықтар

Қарақалпақтардың ұлттық тағамдары

Қарақалпақтардың ұлттық тағамдары
27.10.2014 05:03 18550

Қарақалпақтардың ұлттық тағамдары

Қарақалпақ асханасы қазақ, өзбек, түркімен сияқты халықтардың асханасымен ұқсас келеді.

Ет өнімдерінен сиыр, қой, түйе, жылқы, қоян және үй құстарының еттерін пайдаланады. Әсіресе, қой мен сиыр еті. Қарақалпақтар мұсылман халқы болғандықтан, шошқа етін тұтынбайды.

Кең таралған тағамдары — гүртік, палау, лағман, манпар, шауле, мәнті, самса, тұшпаралар, шорпа, шорпа-машаба, кеспе сорпа.

Бидай ұнынан жасалған шелпек барлық дерлік тамақпен бірге беріледі.

Тамақты сүт қосылған қара шаймен немесе көк шаймен  ішеді. Бұл дәстүр сонау орта ғасырлардағы көшпенділер өмірінен бері келе жатыр. Бұл тек қарақалпақтарда ғана емес, сондай-ақ қазақ және түркімен халықтарында да бар.

Орта Азияның басқа халықтары сияқты қарақалпақтар да палау, шорпа, мәнті сияқты шығыс тағамдарын дайындайды. Әрине, қарақалпақ тағамдарының өздеріне тән ерекшеліктері бар: гүртік (жуери (джугари), бидай гүртік, шаж гүртік, май гүртік және т.б.), палау, шауле, лағман, кеспас (кеспе, манпар, нарын, мәнті, бөрек (көк бөрек, су бөрек, маек борек), ақсаулақ (сорпалы ақсаулақ, қауын ақсаулақ және т.б (ақсаулақ — лаваш,), қарма (балық қосылған джугари), машаба, сүтлаш, гөже, самса, қырмыш, гөш нан, загара нан және т.б.

Қарақалпақтардың кең тараған тағамдарының бірі — жуери гүртік пен май гүртік. Бұлар бұрыннан келе жатқан тағамдар, алайда бұларды қарақалпақ әйелдері қазір де дайындайды.

Дурама — үзбе кеспе қосып дайындалатын майдалап туралған ет.

Балық – қарақалпақтардың сүйікті асы болып келген. Балықты көбінесе, қуырып жейді. Сондай-ақ, араластырып даярлайтын тағам түріне қарма, уылдырық нан, қақпаш (кептірілген балық) жатады. Қарақалпақтардың күнделікті қорегінде сүт тағамы, қауын мен асқабақ көбірек.

 

Негізгі тағамдары мен сорпалары

Бешбармақ

Димлама — пияз немесе басқа да көкөніс қосып дайындалатын бұқтырылған ет

Долма — голубцы

Кабоб — кәуап

Қуырдақ — көкөністен жасалған тұздық қосылған қуырылған ет

Катыкли — қатық қосып жасалған сорпа

Лағман

Мәнті

Мошкичири — маш қосылған күріш ботқа

Машхурда — маш қосылған күріш сорпасы

Нарын — ет қосылған кеспе

Палау

Самса — бәліштер

Угра (кеспе)

Чалоп — қатық қосылған салқын сорпа

Чучвара — тұшпара.

Шауле — күріш ботқасы.

Шурпа — ет қосылған картопты сорпа.

 

Сүттен дайындалатын тағамдар

Қатық — қайнатылған сүттен дайындалатын сусын.

Сүзбе — қатықты суынан сыздықтатып алғаннан кейін шығатын сүзбелі тағам.

Құрт — сүзбеге тұз қосып, пішінін дөңгелетіп, кептіріп дайындалатын жеңсік ас.

Айран — пісірілген сиыр, қой, ешкі сүтінің жылы кезінде ашытқы қосып, ұйытып дайындайтын қышқыл дәмді тағам.

Қымыз — бие сүті.

 

 

Сматуллаева Айгерім

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға