Әр адам Қақылы...
Бэлла Орынбетова
Біз еркін ой, азат рух туралы көп айтамыз. Бостандық, құқық туралы да. Бізді өзге құрлықтағы проблемалар, жануарлардың құқықтары алаңдатады. Ал өз еліміздегі ЛГБТ қауымдастығы мүшелерінің сөзіне құлақ түріп көрдік пе?
«
Данияр Сәбитов,
Гомосексуал, Қазақстанның ЛГБТ арналған Kok.team порталының редакторы

— Сіз бейдәстүр жыныстық қалауыңызды қашан байқадыңыз?
— Гомосексуалдықты бейдәстүр жыныстық қалау деген дұрыс емес. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құжаттарына сәйкес ол гетеросексуал немесе бисексуал сияқты қалыпты қарым-қатынастардың бірі. Адамдардың барлығы бірдей емес қой?! Жыныстық қалау да түрлі болады, бұл да норма. Егер сұрақтың өзіне келсек, мен гомосексуал екенімді құрдастарым өздерінің гетеросексуал екенін білгенде білдім. Бұл жыныстық даму басталғанда, шамамен 8-сыныпта оқып жүргенімде болса керек.
— Бұл туралы алғаш рет кімге айттыңыз?
— Ол менің ең жақын құрбым болатын. Мен оның реакциясына қатты алаңдадым. Онымен бірге өткізген уақытым ең қуанышты сәттердің бірі еді. Сондықтан тым болмаса соңғы рет қуанышты сәттер есімде қалсын деп оны киноға шақырдым. Түсіністікпен қабылдағанына оған алғысым шексіз. Ал бірнеше күннен соң маған былай деді: «Мен бұрын айналамда гейлер жоқ деп ойлаушы едім. Сен мойындаған соң жан-жағымда гей болуы ықтимал жігіттер көп сияқты. Қоршаған әлемге басқаша қарай бастадым».
— Қазақстанда қандай қиындықтар болды?
— Құтылмаған, жеңбеген қиындық – үрей сезімі. Туыстарың, не әріптестерің қашан үйленетініңді сұрағанда, көңіл қосуға ниетті адаммен кездесуге бара жатқанда, клубтан шығатын кезде, біреу естіп қоймасын, көріп қоймасын деп қорыққанда. Біздің редакция (Kok.team) ЛГБТ-ге қарсы өшпенділік сипаттағы қылмыс деректерін бір жыл бойы жинады. Біз білетін 50 адамның басынан өткені – бопсалау, зорлау, суицид, қорлау, қарақшылық. Бұл қылмыстардың барлығы өшпенділіктен жасалған. Қылмыскерлер біздің полицияға бармайтынымызға, полицияға жария етуге қорқатынымызға сенімді. Біреулер бұл әркімнің басынан өтетін жағдай дейтін болар. Бірақ мен былай дер едім – мен әйелді сүйгеніне бола еркектің өңешіне пышақ тіреген бір де бір жағдайды естімеппін.
— Қоғамда қалыптасып қалған қандай стереотиптермен мүлдем келіспейсіз?
— Үнемі гомосексуалдар мен педофилдерді шатастырады. Бұл мүлдем олай емес. Зерттеулер көрсеткендей, балаларға зорлық-зомбылық жасайтын гетеросексуал еркектер, көбінесе туыстары – ағасы, көкесі, әкесі болып келеді. Егер сенбейтіндер болса, ізденіп оқып көрсін. Екіншіден гомосексуалдар арасындағы қарым-қатынас тек өзара келісім негізінде құрылады. Ересек пен бала арасында келісім болуы мүмкін емес, бала ересек адамның оны теріс әрекеттері үшін қолданғысы келетінін түсінбейді.
— Неден қорқасыз?
— Менің ең басты қорқынышым - билік ресми түрде өшпенділікті қолдай ма деген ой. Бұл жағдай қазір Ресейде, Өзбекстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда байқалуда. 2017 жылы Шешенстандағы гейлерді қыру оқиғасы жан түршіктіреді. Полиция жігіттерді ұстап алып, қорлады, өлтірді. Түсінесіз бе? Полиция! Ең қорқыныштысы да осы, ақымақтар мен қылмыскерлерден тығыла аласың. Ал мемлекеттік зорлықтан – мүмкін емес. Бізде де Ресейде болған жағдай қайталана жаздады емес пе?! Біздің депутаттар гомосексуалдар қоғамға қауіп төндіреді деп санайтын Ресей заңын көшіріп алғысы келді.
— Сізді қуантатын не?
— "Сен ауру емессің, кәдімгі жан-дүниең, ой-санаң сау нормал адамсың", - деп күйзелісте жүрген адамға қолдау білдіріп, өзін тануына, қабылдауына көмек бересің. Кейін ол адамдар күйзелістен шығып, өмірі жайлана бастағанда алғысын білдіріп хабарласып жатады. Бұл адам құқығы үшін, біздің абыройымыз бен қалыпты өмір сүру құқығымыз үшін күресті ары қарай жалғастыруға шабыт береді.
— Қазақстандық қоғам ЛГБТ қауымдастығының құқығын мойындап, түсіністікпен қарауы үшін не қажет?
— Мен бізге деген өшпенділік білімсіздіктің нәтижесі екеніне сенімдімін. Адамдар бізді тым аз деп ойлайды. Бірақ бір сәтте Қазақстандағы ЛГБТИК өкілдерінің маңдайында белгі пайда болса, көбісі таң қалар еді. Біз сіздің біріңізге - дос, енді біріңізге бала, әріптес, жора-жолдас, көрші, туған-туысқанбыз. Әдетте, адамдар бізбен жеке танысқанда гомофобиядан айнып, ЛГБТ-ға деген өшпенділігі жоғалады. Мұндай таныстық – гомосексуал, трансгендер және бисексуал адамдарды қабылдау кепілі.
Йоханна Ақбергенова, 27 жаста
Бисексуал, құқыққорғаушы
Бисексуал, құқыққорғаушы
Қашан байқадым? Балабақшада маған А. есімді қыз ұнайтын. Оның бұйра сары шашы ертегілердегі ханшайымдікіндей болатын. Ол өте алғыр, әрі пысық қыз еді. Қазір Дисней өз ханшайымдарын сондай типажбен көрсетеді, мысалы өзге ханшайымдарға ұқсамайтын Мерида мен Мулан менің құрбыма қатты ұқсайды. Менің түстерімде А. екеуміз қиял-ғажайып әлемді кезетінбіз, түрлі құбыжықтармен шайқасып, жұмбақтарды шешетінбіз, лабиринттерден жол тауып, патшалықты басқыншылардан құтқарып қалатын едік. Түсімнің соңында А-ға қолым мен жүрегімді ұсынып, ол маған «Иә» деп келісімін беретін, сөйтіп бізді таққа отырғызатын еді.
Ол кездері гомосексуал, бисексуал, не трансгендерлер туралы ақпарат жоқ еді, сондықтан өзімнің кім екенімді түсінбейтінмін. Мен А-ны ұнатамын, ал оның ұлдарға наздана қарауы көңіліме қаяу түсіретін. Иә, мен А-ны қызғанатынмын, бірақ оған өз сезімім туралы айтуға батылым жетпейтін. Мен балабақшада 1 жыл бодым. Кейін мені мектепке берді. Ол жерде А. жоқ еді. Мектепте маған Н. атты ұл ұнады. Оның шашы карэ болатын, ол маған менде жоқ ойыншықтарды әкелетін. Бұл «Марстан келген рокер-тышқандар» коллекциясы. Оның иісі ерекше. Маған Н-мен ойнаған ұнайтын. Оның сабағы да жақсы, дүниетанымы да кең еді. Оның қызықты әңгімелерін тыңдаған ұнайтын. Сөйтіп мен ешкімге сезімімді айта алмадым, оның үстіне ол кезде қыздарға мұндай балаң кезде сезім туралы айтуға болмайтынын түйсінген едім. Егер сезімім туралы мамам білсе мені өлтіретін шығар немесе мені сыныптастарым мазақтайтын шығар дедім. Қыздар қысымды ерте жастан бастап сезінеді, бәрі «ұят» - орынсыз түшкірсең ұят, бөгде ортада түшкірсең «ұят». Кейін бойжете бастағанда ақпараттың жетіспеуінен қиналдым. Маған неге қыздар да, ұлдар да бірдей ұнайды? Неге өз қиялымда мен өзімді ұл сезінемін, ал менің жұптарым әртүрлі жынысты болады? Мүмкін мен ауру шығармын, есім ауыса бастаған шығар? Бәлкім дүниеге ұл болып келуім керек шығар? Мен сияқтылар бар ма? деген сұрақтар қажытты. Қазақстан жасөспірімдер суициді бойынша алдыңғы орында. Меніңше қоғамдағы архаикалық стереотиптер қысымы аяусыз. Олар жасөспірімдер суицидінің негізгі себепкері сияқты.
Мені құтқарған гот-мәдениет еді. Жасым 11-12 шамасында болуы керек, паркті кесіп өтіп бара жатқанда сәкіде қап-қара киінген қызды көрдім. Оның түр-әлпеті, киімі таң қалдырды. Ішімнен: «Бұл да мен сияқты ессіздің бірі шығар, тіпті менен әрмен бе? Тәуекелге бел буып, қалай да сөйлесуім керек. Басқа орайы келмеуі де мүмкін» дедім. Мен жақындап едім, ол жақтырмаған сыңай танытты. Ол жиналып кетейін деп жатқанда мен оған: «Мен өзімді біртүрлі сезінемін. Менімен сөйлесе аласыз ба?», - дедім. Менің түрім, ауыр күрсінгенім аяныш тудырды-ау деймін.
Біз бір сағатқа жуық сөйлестік. Маған ұлдардың да, қыздардың да ұнауы қалыпты жағдай екенін, есімнің саулығына бас қатырмауымды айтты. Қоғам өзінің біржақты түсінігін жалпыға таңатынын, ал мен өзіме өзім құлақ салып, өзімнің жеке кеңістігімді қорғауым қажеттігін түсіндірді. Түсінесіз бе, оның сөздері маған Ақиқат болды. Жалпы гот-мәдениет бисексуал, гомосексуал, андрогиндік, трансгендерлік, агендерлік немесе бигендерлікке сабырлы қарайды.
Қазір мен өзімді бигендер ретінде қабылдаймын, мен өзімді әйел ретінде де, еркек ретінде де сезінемін. Мен трансгендерлікке де қызықтым, ара-тұра осы тақырыптарға оралып, өзімнің гендерлік идентификациям туралы сұрақтарыма жауап табуға тырысамын. Бұл ретте менің жұбымның жынысы қандай болатыны мені алаңдатпайды, олардың гендерлерінің қандай болатыны маған бәрібір шығар. Әзірге менде трансгендер адамдармен романтикалық қарым-қатынас болмады. Мен өзімді пансексуал емес, бисексуал ретінде қабылдаймын.

Мен сияқты жандардың басты қиындығы қоғамның түсіністік танытпауында деген ой келуі мүмкін. Алайда менің байқағаным, проблема қоғамның түсінуге тырыспауында емес, ЛГБТ мен квирлік туралы ақпараттың бұрмалануында. Кейде мұндай ақпарат әдейі бұрмаланады, себебі көптеген елдің саясаткерлері елдің қайғы-қасіретін аудара салатын «байғұсты» іздейді. ЛГБТИК және әйелдер батыс әлемі зертханасының туындысы емес, табиғаттың жаратылысы болса да, адамзат тарихында осындай жүндеуге жақсы нысан болып келеді. «Тобыр» түсінігі – иллюзия ғана, қарапайым адамдарға сапалы ақпарат берілмейді, ал ақпараттанған адам әркімге бір дүниені айтып жалығады.
Мен адамдардың алатын ақпараты қаншалықты адекват екені туралы және олар жасанды түрде жасалған ақпараттық вакуумде тұратын-тұрмайтыны туралы көбірек ойланғанын қалаймын. Егер ЛГБТИК өкілдерін педофилдер деп айыптаса, онда зорлық-зомбылыққа бейім қылмыскерлер мен педофилдердің 90-98% гетеросексуал еркектер екенін дәлелдейтін зерттеулермен танысуы қажет. Әдетте педофилдер - әйелі, бала-шағасы бар, қоғамда «абыройлы» адамдар.
Гомосексуал қарым-қатынас дегеніміз - жасы кәмелетке толған бір жынысты адамдардың интим қатынастарға саналы түрде, қалауымен баруы. Ал педофилия - ересек адамның баламен жыныстық қатынасы. Бұл ретте ешқандай саналы келісім туралы әңгіме жоқ, оның үстіне баланың физикалық та, психологиялық та жетілмеуі ескерілмейді, себебі педофилия – зорлық.
Мені біздің қоғамымыздың бейсаясилығы алаңдатады. Мен адамдар сайлауға тайлы-тұяғы қалмай қатыссын демеймін, алайда Конституцияны оқу сияқты элементар дүниелерге мән берсе. Ары қарай бір заңнаманың артық-кемшін тұстары туралы ойланып, нормативті-құқықтық актілерді зерттеуге болады. Кей мәселелерде дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу артық болмас, мысалы АҚШ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қалай көмектеседі деген сауалдарды өзіне қойған жөн.

Өкінішке қарай біздің қоғамда айқын бөлініс бар – ЛГБТИК – ЛГБТИК емес, әйелдер – еркектер, адамдар – жануарлар. Егер өзіне қол салған адам ЛГБТИК өкілі болса, бұл қалыпты дүние. Ал егер адам ЛГБТИК қауымдастығына қатысы болмаса, оның өмірден өткеніне қайғыруға болады. Мұндай қатынас бейстандарт әйелдерге және зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге де қатысты. Бұл қоғам туралы не ойлауға болады? Ол - қатігез, ол - екіжүзді, ол Оруэлл «барлығы тең, бірақ біреулер одан да теңірек» деп анықтама берген жабайы шарттарда өмір сүреді. Мұндай қоғам евгеника культі дамыған Спарта сияқты ерте ме кеш пе өзін өзі жойып тынады.
Қазақстан ЛГБТИК құқықтарын таныды делік ал. Ары қарай қандай сценарий болуы мүмкін? Шағын топтар құқығын мойындаумен іс бітпейді, ары қарай оны іске асыру қажет. Бұл көрнекі ғана емес, шынайы демократияға қарай жасалған қадам болар еді. Бұл халықаралық аренада Қазақстанға айтарлықтай артықшылықтар береді. Біздің еліміз «понтты» жақсы көреді. Бұл «понттар» күндердің күнінде фрик ( ағылшын. freak – ұсқынсыз кембағал) деңгейінен көтеріліп, мемлекеттің белгілі бір дәрежеде дамуына ықпал ететін сау амбицияларға айналғанын қалаймын. Адам құқықтарының қамтамасыз етілуі жақсы өмір үшін шетел асып кеткен жүздеген, мыңдаған адамдардың оралуына септігін тигізетініне сенімдімін. Сонымен қатар үшінші әлемнің мықты мамандары көшуге, өмір сүруге ыңғайлы ел ретінде АҚШ пен Еуропаны ғана емес, Қазақстанды да көре бастайды. Адам құқығының сақталуы елдегі бейбіт жағдай және дамыған экономика сияқты маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналады.

Биыл қыркүйек айында белгілі университеттің бірінде оқитын студент жігіт өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Достарының айтуы бойынша, оған себеп болған оның жыныстық қалауына байланысты қоғам тарапынан болған қысым. Әлеуметтік желіде оның таныстарының бірі ашынып пост жазған еді:
«Бір жылдың ішінде ЛГБТ қауымдастығындағы екі досымнан айырылдым. Олар бұл дүниемен өз еркімен қош айтысты. Ол үшін ешқандай себеп болған жоқ, бірақ оған сендердің құрып кеткір гомофобияларың итермелейтін атмосфера бар.
Мен суицидтердің одан да көп жасалғанын қалаймын. Мен дәл осылай ғалымдардың, дәрігерлердің, спортшылардың, атақты дарынды тұлғалардың, ең мықтылардың бұл дүниемен қош айтысқанын қалаймын. Депрессия мен криминалдан көз жұмғанын қалаймын. Немқұрайлықтан қаза болғанын қалаймын. Бәрі де отызға жетпей қыршынынан қиылсын. Сендер осы елді азшылықтың қайғысынан қалыптастырмауларың үшін. Мен аз топ өкілдері дарынды, қылшылдаған қайратты шағында көз жұмғанын қалаймын. Білесіңдер ме неге екенін? Тек қан мен қайғы арқылы ғана ЛГБТ құқықтары мен денсаулығы үшін күрес бұл тек қана адамдардың өзара сыйласуы үшін күрес екенін түсінерсіңдер. Бар болғаны осы ғана! Басқа ештеңе де емес! Тек сыйластық қана!»

Шұғыла, 23 жаста
Бисексуал
Бисексуал
Жоғары сыныпқа дейін жұрттың бәрі мен сияқты деп ойлайтынмын. Бірде 9-сынып оқып жүрген кезімде құрбыларымнан «сендерге де қыздар ұнай ма?» деп сұрадым. Олар таңырқасып, «жоқ, негізі олай емес» деді. Сол кезде мен өзімнің басқалардан ерекшелігім барын байқадым. Құрбы-құрдастарым сол кезден бастап маған қыздар да, ұлдар да ұнайтынын білді. Мен туған-туысқандарымды қоспағанда, ешкімнен бисексуал екенімді жасырған емеспін. Тіпті әлеуметтік желідегі аккаунтымда қай қауымдастыққа мүше екенімді көрсетемін. Біреуге көмегім қажет болуы мүмкін, коммуникация үшін де керек. Бірақ бұл кейде проблема тудыратыны рас. Мен мамандығым бойынша мұғаліммін. Осыған дейін шағын қаладағы мектептердің бірінді жұмыс істедім. Сонда мектеп директоры жеке әлеуметтік желідегі деректерді жасыруымды сұрады. Менің оқушыларымның ата-анасы әлеуметтік желідегі аккаунтымды көрсе, бұл мектеп абыройына нұқсан келтіруі мүмкін дегенді айтты. Сөйтіп бұл мектептен кетуіме тура келді. Қуанышыма орай қазір Астанаға көшіп келдік. Бірақ осындай жағдайлар таныстарымның басынан жиі өтіп тұрады. Сондықтан да мен мүмкіндігінше қаржылық тәуелсіздікке жетуге тырысамын. Үйде қосымша сабақтар беріп, артығымен жұмыс жасаймын. Жақында өзімнің бисексуал екенімді анама және бауырларыма айттым. Білесіз бе, біз сияқты жандар туысқан, жақындарынан қолдау көрсе бұл ерекше қуат береді. Сіздің қолыңыз, я аяғыңыз жоқ деп елестетіп көріңізші. Жара сияқты үңірейіп тұрады. Өзіңнің гомосексуал немесе бисексуал екеніңді туғандарыңа айтып, олар сені осы қалпыңда қабылдағанда тура сол қол-аяғың қайта қалпына келгендей күй кешесің. Менің жақындарым менен теріс айналып кетпеді, қабылдады. Анам әрине қызық сұрақтар қойды (күледі).
- Лесбий деп қорқып кеттім ғой. Әлі өзгеріп қаларсың, - дейді анам.
- Бұл ештеңені білдірмейді. Мен өз таңдауым бойынша ер адаммен қосылғым келмейді. Себебі біздің патриархал социумда ер адамдардың гендерлік социализациясы өте қиын, еркектерге феминист ретінде қараймын. Олармен көзқарасымның үйлесуі сирек, - деп түсіндірдім.
Әкеме айта алмадым. Ол кісі өте консервативті, қатал адам. Бірақ оған да айтатын уақыт келер...
Гомофобия қайдан пайда болады дегенге әйелге деген жеккөрініштен дер едім. Себебі гетерожұпта әйел және еркек болады. Түпкілікті санасында еркек белсенді, әмірлі, ал әйел әлсіз, екінші сұрыпты. Ал гомофобтар көбінесе гомосексуал жұпта еркектің әйел рөлін ойнайтыны үшін, яғни оның әлсіздігі үшін, өзін беретіні үшін кешіре алмайды.

Меруерт, 25 жаста
Лесбий
Лесбий
Оңтүстік өңірдің орташа статистикалық қарапайым отбасынанмын. Өзімнің нәзік жандыларға ынтықтығым барын мектеп оқып жүргенде байқағам. 9-сынып оқитын кезде сыныпқа жаңа оқушы-қыз келді. Онымен бірден тіл табысып, жақын араласатын құрбыларға айналдық. Бірақ, менде оған деген бір ерекше тартылыс болатын. Ол уақытта дәстүрлі емес сезімнен мүлдем хабарым жоқ.
Өкінішке қарай, жаңа сыныптасым, 3 айдан соң бұрынғы мектебіне кетіп қалып, көңіліме қаяу салды. Одан кейін, бірнеше жігітпен сөйлесіп көрдім. Бірақ жігіттермен қарым-қатынас уақыты тым қысқа болды, қанша талпынғаныммен ештеңе шықпады. Махаббаттағы «тұрақсызыдығымның» себебін ЛГБТ жайында біраз ақпаратқа қол жеткенде түсіндім. Менің жыныстық қалауымды көптеген құрбыларым білді. Олардың маған деген көзқарасы өзгерген жоқ. Ал туған-туысқандарымның ешқайсы білмейді. Олардың мені түсінетініне күмәнім бар. Ең қызығы, алғаш ұялы телефон алып соның қызығымен жүргенде бір қыз шатасып звондап, даусымның жуандығынан жігіт екен деп қалған. Мен де оған қыз екенімді айтпай біраз уақыт сөйлесіп жүрдік. Бұл телефон романы шамамен 7-8 жылға созылды. Телефон, чат арқылы 50-ден аса қызбен танысқан шығармын. Оларға шын мәнінде кім екенімді айтуға батылым бармады. Тек соңғы 2-3 қыз ғана кім екенімді білді, көрді. Оның біреуі менің «дәстүрлі емес» алғашқы махаббатым. Бұрын сөйлескен бір қыздың анаңа, бауырларыңа барлық сырыңды ашып беремін деп қорқытуы алаңдатады. Біздің арамызда сондай адамдардың болуы әрқашан сақ болуға итермелейді. Дін тұрғысынан менің көзқарасым, қалауым құпталмайтынын білемін. Бірақ, «мен неге осындай болып жаратылдым?» деген сұрақ жиі мазалайды. Оның жауабын таба алмадым. Жаратушымыз ешқашан қателеспейді. Демек біздің жаратылысымызда да кемшілік жоқ.
Қоғамға месседж: Соңғы уақытта қоғам ЛГБТ десе шошымай, қалыпты қабылдауға үйреніп келеді. Бірақ мен үшін қоғамның пікірі аса маңызды емес. Бақыт тыныштықты сүйеді.

Психолог не дейді?
Психолог Сая Бақимоваға осыған қатысты бірнеше сұрақ қойылған еді.

-Гомосексуал, трансгендер және бисексуал адамдарды емдеу қажет пе?
- Бірінші тұлғаның толыққанды функциясы деген не, яғни шартты түрде қалыпты деп қабылдайтын тұлғаның сипаттамасын ашып алайық: егер тұлға өзінің әлеуметтік рөліне сай күнделікті функциясын тиімді атқара алса, күнделікті тәжірибесінен қанағаттану сезсе, ол шартты түрде тұлғалық ауытқуы жоқ, психикасы қалыпты адам. Мынадай сфераларда адам өзіне көңілі толып, қанағат сезуі керек: жұмыс, махаббат пен секс, әлеуметтік өмір және шығармашылық. Жалпы жұмыс істей алса, әріптестермен, өзінен мансабы жоғары, төмен адамдармен тұрақты қарым-қатынасты игере алса, жұмыс істеу қабілетіне көңілі толса, өзінің серігімен эмоциялық, рухани, сексуалды байланысты қатар сезіне алса, неше түрлі сексуалды перверсиялар болмаса (партнер келіспеген, басқа адамның өміріне, денсаулығына зияны бар сексуалдық қалаулар), жалпы жыныстық өмірінде проблема болмаса, әлеуметтік өміріне көңілі толса, туыс, дос-жаранмен тұрақты қарым-қатынас құра алса, өзінің отбасымен жылы, сенімді байланысы болса - тұлғаны «сау тұлға» деп аламыз. Осыдан келіп, гомосексуал болсын, гетеросекусал болсын, адам жалпы тұлға ретінде спектрдың қалыпты деген өлшемінен бастап, патология деген шегінің арасында бола алады. Гомосексуализм кейде патологиядан пайда болады, кейде қалыпты тұлғалық дамудан пайда болады. Гомосексуал, трансгендер, бисексуал болсын тұлғаның қалыпты даму жағдайында ол адам эмоциялық байланыс пен сексуалды қалауын біріктіре алса, сол арқылы тұрақты, жылы қарым-қатынас құра алса, отбасылы бола алса, бала тәрбиелей алса, белгілі бір мамандықты игеріп, жұмыс істеп, еңбегінің нәтижесін көре алса ол адамды неге «ауру» дейміз? Неден емдейміз? Мен мұны тек өз тәжірибемнен айтып отырған жоқпын. Осы жазда доктор Отто Кернбергтің тұлға диагностикасына қатысты семинарында дәл осы гомосексуализм тақырыбы айтылды.
- Адамдардың дәстүрлі жыныстық бейімділігінен өзгеше болуының себебі не?
- Зигмунд Фрейд бала саналы таңдау жасайтын жасқа жетпей тұрып бойында бисексуалды бейімділік болады деген. Өсе келе таңдауын қалыптастырады. Ежелгі гректерде гомосексуализм, оның ішінде ер адамның гомосексуалдығы күшті мен әлсіздің қарым-қатынасы болған. Яғни, ер адам қоғамда бай, мансапты болса, жазылмаған ереже бойынша оның ер көңілдесі болған. Әрине, одан бері қанша уақыт өтті. Біздің еліміз де, тарихымыз да басқа. Бірақ адам жаратылысы түпкілікті өзгеріп кетті дей алмаймын. Гомосексуализм әлі де агрессияның, басқа адамның алдында «мықтылықтың» нәтижесі болуы мүмкін. Қатерлі нарциссизм деген тұлғалық ауытқу бар, ондай ер адам анасына жасырын жеккөрініш сезінгеннен, жалпы әйел затын құнсыздандырып, гомосексуал болады. Әкесі өте агрессив, тиран болса, бала кішкентайынан, әсіресе 4-5 жасар эдип кезеңінен бастап бейсаналы түрде «анамды жақсы көрсем, әкем ашуланады, одан да жалпы әйел затына қызықпайын» деген ұстаным қалыптастыруы мүмкін. Әйел адамдардағы гомосексуализм керісінше, анасымен қарым-қатынас бұзылуының нәтижесі. Одан кейін идеализация процесі де жыныстық бейімділікке әсер етеді - әке ерте қайтыс болып, бала үшін кішкентайынан әкенің образа тым идеал болса, өсе келе сол образды басқа ер адамдардан іздейді. Әке шартты түрде бар, бірақ уақытының көп бөлігін басқа отбасына арнаса, тағы да, тым жоғары идеал образ, әкені іздеп табуға деген құлшыныс - гомосексуализмге әкелуі мүмкін. Жыныстық бейімділіктің ешқандай нақты бір рецепті жоқ, әкесі жастай қайтыс болса, міндетті түрде гомосексуализм пайда болады айтуға болмайды. Генетиканың да, ортаның да әсері бар. Әлеуметтік орта - отбасы, туыстары ер баланың әйелдік қасиеттерін көбірек қолдауы мүмкін. Сонымен қатар адамға табиғи орта да әсер етеді. Қазір биологтар мұхиттардағы пластик қоқыс дельфин, кит сияқты сүтқоректілердің репродукциялық қызметіне алапат зардап әкелді деп дабыл қағып жатыр. Пластиктің белгілі бір мөлшерін біз су, жеміс-жидек, дәнді-дақыл арқылы ішіп-жеп жатырмыз да. Ер бала организмі 3 айдан бастап анасының жатырында тестерон бөле бастайды. Тестестерон жыныстық гормон, яғни жыныстық бейімділікке тікелей әсер етеді. Кейбір дереккөздердің айтуы бойынша пластик организмдегі тестестеронның мөлшерін азайтады. Соның салдары ретінде болашақта жыныстық бейімділігі өзгерген адамдар көбейе береді деген болжам бар.
- Азамат Сексенбаев жүргізген Mental health and suicidality among gay and bisexual men in Kazakhstan зерттеуінде Қазақстандағы гомосексуал және бисексуал еркектердің 55,4% өзіне қол жұмсау туралы ойлайды деген тұжырым жасаған. Бұл жағдайдың себептері қандай деп ойлайсыз?
- Өкінішке қарай мен бұл зерттеуді және осыған ұқсас басқа елдердегі зерттеулерді оқымадым. Нақты айта алатыным, қоғам көбірек толерантты болса, гомосексуал және гетеросексуал адамдар арасындағы алшақтық азаяды, керісінше қоғам консервативті болса, арада тым қатты бөлініс пайда болады. Ақпарат таратушы адамдар, билік иелері, қоғамда пікірі бағаланатын адамдар неғұрлым «гомосексуализм - ауру, ауытқу, сұмдық» дей берсе, суицидке таңқалуға болмайды деп ойлаймын. Бізде кеңес заманынан қалған ой: көпшіліктен ерекшеленетін, «ауру» адамды «оларды не істейміз, қайда жібереміз» деп ойлаймыз. Қазір керісінше «қалай көмектесуге болады» деп ойлау керек. Суицид - адамның жан қиналысының шарықтау шегі. Ортамыздағы басқа адамды ең қымбат нәрсесі - өмірінен бас тартуға әкелетін қоғам болғанымыздан қорқуымыз керек. Екінші жағынан, көп адам басындағы мәселе тек өзінде бар деп, тек өзі ғана басқалардан өзгешемін деп түсініп, содан жапа шегеді. Жалпы психологиялық, жыныстық сауаттылық артса, психологпен жұмыс істеуден тартынбаса, көп нәрсені түсіну арқылы, суицид, отбасындағы агрессия, кикілжіңді азайтуға болады.

Эксперимент
Қыз сияқты тәрбиеленген ұл
1965 жылы Канаданың Виннипег қаласында дүниеге келген сегіз айлық сәби Брюс Реймер дәрігерлер кеңесі бойынша сүндеттеледі. Алайда хирург қателігінен баланың жыныс мүшесі зақымдалады. Сәбидің ата-анасы Балтимордағы Джон Хопкинс университетінің (АҚШ) психологы Джон Маниге кеңес алуға келеді. Джон Мани баланың ата-анасына проблеманы шешу жолын ұсынады: бала есейіп өзін қор санамай тұрғанда оның жыныс мүшесін ауыстырып, қыз балаша тәрбиелеу керек. Ата-анасы психолог кеңесіне құлақ түреді. Нәтижесінде Брюс Брендаға айналады. Байғұс ата-аналар қатал эксперимент құрбандарына айналғанын түсінбеді: Джон Мани баяғыдан бері адамның жыныстық бейімділігі табиғатпен емес, тәрбиемен келеді деген тұжырымын дәлелдеу объектісін іздеп жүрген еді. Брюс орайы келген зерттеу нысаны болды. Сәбидің еркектің бездері алынып тасталды. Мани болса ғылыми журналдарда бірнеше жыл бойы өз «сәтті экспериментінің» есептерін жариялап жүрді. «Бала ойнақы қыз ретінде өсіп келеді, оның мінез-құлқы егіз ағасынан ерекшеленеді» деп сендірді ғалым. Алайда үйдегі туған-туыстары мен мектептегі мұғалімдер оның ойынша ұлға тән қасиеттерді байқады. Ата-анасы «қызға айналған ұлына» шындықты жасырғандықтан қатты эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Анасынан суидцидке бейімділік анықталды, ал әкесі маскүнемге айналды, ал егіз ағасы үнемі депрессияда жүрген. Брюс-Бренда жасөспірім шаққа жеткенде кеудесін өсіру үшін оған эстраген бере бастайды. Психолог Джон Мани болса Брендаға әйелдік жыныс органдарын қалыптастыратын операция қажет дейді. Алайда осы кезде Брюс-Бренда мінез көрсетеді. Ол операциядан үзілді-кесілді бас тартып, Манидің қабылдауына бармай қояды. Бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болады. Соңғысында комаға түсіп, ажалдан әзер аман қалады. Бірақ осы кезден бастап қалыпты өмірге еркек ретінде оралу үшін күреседі. Бренда атын Девидке өзгертіп, шашын қысқа қияды, еркектің киімдерін кие бастайды. 1997 жылы ол еркек жынысын қайтару операциялар сериясын өтеді. Бір әйелге үйленіп, оның үш баласын асырап алады. Алайда бұл оқиғаның хеппи-энді жоқ: 2004 жылы жылы әйелімен ажырасқан соң Девид Реймер 38 жасында сиуцид жасайды.

»
Материалды әрлеуге қолданған иллюстрациялар мен фотолар pixabay.com сайтынан алынды.