Жаңалықтар

Арғын-Алтайдың Нияз батыры

Батыр бабалар
15.06.2016 07:43 6249

Нияз батыр Барқыұлы, сайдалы Нияз деп те аталады, 18-ғасырда өмір сүрген белгілі би, батыр, аталық.  Шамамен 1680-85 жж. туған, 1760-жылдары қайтыс болған.

Тегі Орта жүз арғын тайпасының қуандықтан тарайтын сайдалы-барқы атасынан. Арғын тайпасының белгілі биі әрі қол бастаған атақты батыры. Орта жүздің билеушісі Сәмеке ханның бас уәзірі, Сәмеке қайтыс болғаннан кейін хан сайланғанша, Түркістан мен оның төңірегіне билік жүргізген мемлекет қайраткері. Тәуке ханның немересі  Әбілмәмбетті қолдап,  хан көтерген игі жақсылардың бірі. Алғыр шешен, байсалды ақылман, табанды қайраткер ретінде Ресей әкімшілігіне де айрықша пікір туғызғаны жөнінде жазба деректер баршылық. 1737 жылы қазақтың аға ханы етіп Әбілқайырды сайлағанда (1.141-158) Қаздауысты Қазыбек бастаған алты алаштың ірілерінің, ел сенген жақсылардың қатарынан көрінеді.

1740 жылдың тамыз айында Ресей әкім­шілігі атынан генерал В. Урусовпен Орын­борда болған қазақ-орыс келіссөздеріне Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтандармен бірге, ханның бас уәзірі дәрежесінде Нияз батыр да қатысып, еларалық мәселелерді шиеленістірмей шешуге белсене үлес қосқан.

Нияз батырдың тарихи тұлғасы ерекше көрінетін тұсы, Абылай сұлтан ұрыс үстінде 1741 жылдың ақпан айында, Шідерті бойындағы ұрыста жоңғар қолына қапыда түсіп қалғанда (1.215-217), Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпейізді және өзінің бір ұлын 1

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға