Қарқаралыдағы Мәдениет үйіне Шолпан Жандарбекованың есімі берілді
Биыл оның туғанына 100 жыл толды
Қарқаралы ауданының мәдениет үйіне белгілі қазақ актрисасы, дарынды педагог Шолпан Жандарбекованың есімі берілді, деп хабарлайды El.kz Қарағанды облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
– Белгілі қазақ актрисасы Шолпан Жандарбекованың есімін беру туралы шешім Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Еңді Мәдениет үйі еңбек сіңірген актрисаның есімімен аталады, – дейді Қарқаралы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Баршын Жұмаханова. – Мәдениет үйінің сахнасында біздің атақты жерлесіміздің ізімен жүретін және оның жолын жалғастыратын жаңа жұлдыздар жанатынына сенімдімін.
Шолпан Жандарбекова 1922 жылы 1 қаңтарда Қарқаралы ауданы Милыбұлақ ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы театр-көркемсурет училищесін бітірген. 1941 жылдан – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актрисасы.
Өмірінің соңына дейін өнер ғибадатханасында жұмыс істеп, онда 200-ден астам рөл ойнады.
Сондай-ақ кинода ойнады, Ш.Аймановтың студиясында кинорежиссер болып жұмыс істеді. Педагогикалық қызметпен айналысты-Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актер шеберлігінен сабақ берді.
