Жаңалықтар

Арқа төсіне аномальды аяз келді

Күн күрт суытты
17.11.2016 06:35 3811

Қазгидромет орталығының  2016 жылдың 17-19 қарашасына арналған болжамына сенсек, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне аномальды аяз келеді.

 Арқа төсіне аномальды аяз келді

Қазгидромет орталығының  баспасөз қызметі аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орныққанын жазады. Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда  осы кезең үшін климаттық нормадан 10…18ºС төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда. Антициклонмен, республика аумағына арктикалық ауа ағыны келуде, сондықтан минимальды температура 30…36º аязға дейін төмендеді. Осындай синоптикалық жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, ал орталық пен шығыста түнгі температураның әрі қарай төмендеуі, жекелеген аудандарда 40ºС дейін төмендеуі мүмкін.

Арқа төсіне аномальды аяз келді

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында суық фронттың әсерінен жауын-шашын, қар және температураның әрі қарай төмендеуі күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға