Жаңалықтар

Ақтөбенің Қобда ауданында 15 үйді су басты

Ақтөбенің Қобда ауданында 15 үйді су басты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 14.03.2023 10:47 1545

Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы жағдайды өңір басшылығы бақылауына алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

13 наурызда Қобда ауданында қардың қарқынды еруі және далалықта еріген қар суы салдарынан Қобда ауылында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, бір кафе су астында қалды.Тұрғындар қауіпсіз жерге - эвакуациялық пунктке көшірілді. Қазіргі уақытта үйлердің аулаларын аралау жүргізілуде, қапшықтарды төсеу бойынша шаралар қабылдануда. 6 мың м3 астам еріген қар суы сорылды, – делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 техника, 123 адам жұмылдырылған.

Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылына да еріген қар суы кірді. Тұрғын үйлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қауіп жоқ.Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе қаласы мен аудандардан 1 514 өтінім қабылданып, барлығы пысықталды. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 181 мың м3 астам еріген қар суы сорылды. 26,1 шақырым арық тазартылды, 4 972 м3 инертті материал әкелінді, 3 320 дана қап төселді, елдімекендерден 524,9 мың м3 астам қар шығарылды, – делінген хабарламада.

Қосымша көмекке 138 ассенизатор тартылған.

Жергілікті жерлерде 142 техника, 20 мобильді бригадаға 650 адам жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша су басқан көшелер жоқ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға