«Ақтөбенің» бұрынғы капитаны клубпен қош айтысты
Фото: instagram.com/fcaktobe_official
Фото: instagram.com/fcaktobe_official
05.06.2023 02:22
636
«Ақтөбенің» бұрынғы капитаны әрі аңыз ойыншысы Юрий Логвиненко командадан кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
34 жастағы Юрий спорттық директор қызметін атқарып келді. Сонымен қатар қаржы директоры Ғайнижамал Қанатбаева да клубтан кетті.
Кеше әкім Ералы Тоғжанов «Шахтермен» (2:0) ойыннан кейін киім ауыстыру бөлмесінде клубтың жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке клубтың ардагері Сергей Куленко тағайындалды.
Бұған дейінгі басшы Ерлан Жамантаев денсаулығына байланысты жұмысынан кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде суға батып бара жатқан бала құтқарылды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды