Ақтөбеліктер Олимпиада жолдамасын иеленген балуанға көлік сыйлады

Фото: instagram.com/wrest_aktobe
Фото: instagram.com/wrest_aktobe
23.04.2024 11:21
1153
Ақтөбеліктер еркін күрестен Париж Олимпиадасына жолдама алған Юсуп Батырмурзаевты күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлестері Юсуп Батырмурзаевқа автокөлік пен 5 мың АҚШ долларын табыстап, ал оның жеке бапкері Бауыржан Нұрмахановқа 5 мың АҚШ долларын берді.
Юсуп Батырмурзаев Ресейдің Дағыстан Республикасында туғанымен, 2013 жылдан бері Қазақстан атынан күресіп жүр.
Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде ол 125 келіде өнер көрсетіп, жолдаманы қанжығасына басты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны: Жылыойдағы отбасыларға 1,2 миллиард теңге төленді
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды