Жаңалықтар

Ақтөбелік тұрғынға бір мезгілде екі күрделі ота жасалды

Ақтөбелік тұрғынға бір мезгілде екі күрделі ота жасалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 11.06.2023 21:15 978

Дәрігерлер Ақтөбе тұрғынына бір мезгілде екі бірдей күрделі хирургиялық ота жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Денсаулық сақтау ведомствосы таратқан мәліметке сәйкес, техникалық жағынан күрделі симультандық лапараскопиялық операция 37 жастағы Ақтөбе тұрғынының өмірін сақтап қалған.

Тамақ ішкеннен кейін 3-4 сағаттан соң пайда болатын эпигастралдық аумақтағы ауырсыну, күйдіргі, қышқыл кекіру, іш қату, әлсіздік туралы шағымдармен әйел М. Оспанов атындағы БҚМУ Медициналық орталығына жүгінді. Жағдайының нашарлауы соңғы екі айда байқалды.

Ақтөбелік тұрғынға бір мезгілде екі күрделі ота жасалды

Фиброгастродуоденоскопияны жүргізу кезінде ұлтабар буылтығының саңылауында ойықжарадан кейінгі тыртық декомпенсацияланған тарылу, пилорус деңгейіндегі жара, ІІ дәрежелі кардиалық қысқыштың жеткіліксіздігі, асқынудан тыс созылмалы атрофиялық гастрит, диафрагма саңылауының аксиалдық жарығы анықталды.

Біріккен патология анықталды:бастан өткерген  ойықжара ауруы салдарынан ойықжара ақауының орнында ұлтабардың тыртықты тарылуы пайда болған. Процесс ұзақ уақытқа созылған. Сонымен қатар қосалқы патология диафрагманың өңештік тесігі жарығының болуы орын алған.

Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы пациенттің жағдайын жақсарту үшін хирургиялық емдеу болған.

Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті, пациент үйге шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға