Жаңалықтар

Ақтөбелік құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды

Ақтөбелік құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды
Фото: ТЖМ 11.08.2024 12:13 307

Оларға иттің құдыққа түсіп кеткені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін кешке 112 нөміріне екі метр тереңдіктегі ашық құдыққа ит құлап кеткені туралы хабар түсті. Құтқарушылар альпинистік құралдың көмегімен итті сәтті шығарып алды. Біз үшін әрбір өмір маңызды!" - деп хабарлады ТЖМ.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында еліктің құтқарылуы видеоға түсіп қалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға