Ақтөбелік құтқарушылар далада адасқан малшыларды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 сәуірде 112 пультіне ауа райының қолайсыздығына байланысты 1978 жылы туған ер адам мал іздеуге шығып, Мәртөк ауданының Қаратоғай және Родниковка ауылдарының арасында адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар күшімен ер адам сағат 00:50-де Родниковка ауылынан 20 шақырым жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Сол күні құтқарушылар «Тама Есет-батыр» шаруа қожалығынан мал іздеуге шығып, оралмаған малшыны іздестірді. 16 сәуір күні сағат 03:40-та іздестіру тобы ер адамды тауып, шаруашылық қожалыққа жеткізді. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Құтқарушылар ауа-райының өзгеруін бақылауға шақырады. Дауылды ескертулер хабарламаларын ескеріп, ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.