Ақтөбелік полицейлер сәбиін шайханада қалдырып кеткен әйелді іздеп тапты
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
30.09.2023 21:11
1104
29 қыркүйек күні жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді.
Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Әйелдің айтуынша, таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішкен.
Азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ЖОО оқытушыларының еңбекақысы өсті