Ақтөбелік краншы зейнеткер туған қаласын төтенше жағдайдан шығаруға көмектесті
Шыңғыстау Әбдиев 36 жыл бойы Ақтөбе су қоймасында техник-механик мамандығы бойынша кран тасымалдаушы болып жұмыс істеген. Өткен жылдың желтоқсан айында зейнеткерлікке шыққан. Аймақта су тасқыны басталған кезде оның кәсібилігі мен тәжірибесі төтенше жағдайды шешуге және қаланы су тасқынынан құтқаруға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін су тасқыны кезінде «Қазсушардың» мамандары бөгетте бір ғана шлюз ашып келген. Бөгетте әрқайсысы секундына 600 текше метр су өткізе алатын бес шлюз бар. Ал 28 наурызда секундына 1000 текше метрге дейін су жіберу туралы шешім қабылданып, екінші шлюзді ашу керек болды. Ол үшін порталды кранды жылжыту қажеттігі туындады. Салмағы 126 тонна кранның тартатын кран рельстермен қозғалады.
Бұрын-соңды бұл кранды қолданбағандықтан, мамандар оны жүргізе бастағанда тежегіші дұрыс істемей, рельстерге кептетіліп қалды. Біз үшін әр минут қымбат болды, себебі су мөлшері сағат сайын артып бара жатты, ал біз кранды іске қоса алмай жатырмыз. Осы кезде бұрын кранды ұзақ жүргізген, бізге көмектесе алатын маман іздедік. Осылайша Шыңғыстау Қибашұлына өтінішпен шықтық. Бірден келіскен Шыңғыстау Қибашұлы келіп, жарты сағаттың ішінде мәселені шешіп берді. Кранға өзі отырып, екінші шлюзді ашты. Соның арқасында уақытында судың қажетті мөлшерін жіберіп, Ақтөбе су қоймасының тасып кетуінің алдын алдық, — деді Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» басшысы Ринат Шауенов.
Шыңғыстау Қибашұлының айтуынша, Ақтөбені су алып кетуі мүмкін болған.
Осында бірнеше жыл жұмыс істегелі судың осындай қатты қарқынмен келгенін бірінші рет көріп тұрмын. Су қоймасы 12 сағаттың ішінде толып болды. Әлі есімде, 1993 жылы су секундына 1250 текше метр су келсе, бұл жолы секундына 1700 текше метр су келіп жатты. Бар болғаны 2-3 сағаттың ішінде суды жылдам ағызып жіберуге тура келді. Олай болмағанда Ақтөбені су алатын еді, абырой болғанда барлығын дер кезінде реттедік, — деп атап өтті Шыңғыстау Қибашұлы.
Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» басшылығы Шыңғыстау Қибашұлын қайтадан жұмысқа қосылуын ұсынды. Осылайша ол 29 наурыздан бастап қайтадан кран машинисі қызметіне кірісті. Тәжірибелі маман жастарға жауапты жұмыстың қыр-сырын үйретіп, тәжірибесімен бөліспек. Бүгінде Шыңғыстау Қибашұлының үш ұлының бірі су шаруашылығы саласында жұмыс істейді.