Жаңалықтар

Ақтөбелік әйел алаяқтарға бір күнде 14 рет ақша аударған

Ақтөбелік әйел алаяқтарға бір күнде 14 рет ақша аударған
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 11.04.2024 18:23 710

Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға жеті миллион теңге аударған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбелік әйелдің телефонына белгісіз адамдар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырған. Алаяқтар жәбірленушіге оның атына алаяқтар несие рәсімдеп жатқанын және оларды тоқтатып, қолға түсіру үшін өз атына бірнеше несие рәсімдеу қажет екенін айтқан.

Ол қоңырау шалушылардың барлық шарттарын орындап, бір күн ішінде қаладағы 3 банкке барып, өз атына жалпы сомасы 7 млн теңгеге несие рәсімдеген. Дәрігер әйел бұл ақшаны алаяқтар көрсеткен банктік шоттарға терминал арқылы 14 рет аударған.

Үш күннен кейін алаяқтарға алданып, қарызға батқанын түсінген әйел полицияға арызданды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға