Жаңалықтар

Ақтөбелік әйел 10 жылдан бері өлілер тізімінде жүр

Ақтөбелік әйел 10 жылдан бері өлілер тізімінде жүр
Фото: © El.kz 16.02.2024 14:02 709

Ақтөбелік әйел мемлекеттік жүйеде 2014 жылдан бері өлілер тізімінде тұрғанын, әлі күнге дейін мәртебесін өзгерте алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Екатерина Иванцова өзінің ерекше мәртебесі туралы 2020 жылы бір-ақ білген. 2020 жылы зейнетақы қоры үй телефонына қоңырау шалып, осы мекенжайда тұрды ма деп сұраған.

Олар өткен шақта сұрағандықтан, әлі де осы мекенжайда тұратынымды айттым. Қор қызметкері абдырап қалды, ол маған шұғыл түрде Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуым керек екенін, өйткені олардың базасында 2014 жылдан бері қайтыс болғандардың тізімінде тұрғанымды айтты, - дейді ол.

Зейнеткерлікке шығуына бір жыл қалғандықтан, ол мәселені дереу шешуді ұйғарыпты. Ақтөбелік әйел Халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Оның айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталығында осындай мәртебесі бар төрт адам кезекте тұрған.

Алайда, ХҚО қызметкерлері Екатеринадан тірі екенін дәлелдеп, куәгерлер әкелуді сұраған. Куәгерлер барып, оның тірі екенін дәледеген. Содан бері 4 жыл өтті, әйел зейнеткерлікке шықты, бірақ банкке хабарласқанда оның ЖСН салық басқармасында жоқ екенін хабарланған.

АХАЖ бөлімінің мамандары иванцоваға қатысты бұл жағдай қалай болғанына жауап бере алмайтынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға