Жаңалықтар

Ақтөбелік әскери қызметшілерге заманауи көліктер берілді

Ақтөбелік әскери қызметшілерге заманауи көліктер берілді
Фото: ТЖМ 30.03.2025 18:16 322

Төтенше жағдайлар министрлігінің Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің иелігіне мемлекеттік нөмірлері XV сериялы КамАЗ шассиіндегі заманауи автомобильдер берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысында техника кілттерін ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков салтанатты түрде табыс етті.

Автопарк Қазақстан Президенті қолдауының арқасында жаңартылуда. ТЖМ басшылығы өзінің құтқару әскери бөлімшелерін сенімді және жоғары технологиялық техникамен қамтамасыз ете отырып, материалдық-техникалық базаны жаңғыртудың ведомстволық бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыруда.

Бұл автокөліктер жай көлік емес, төтенше жағдайларды жою міндеттерін орындауға көмектесетін негізгі құрал. Біз кез келген төтенше жағдайларға дайын болуға міндеттіміз және бұл біздің жұмысымыздың жеделдігі мен тиімділігін арттырудың кезекті қадамы, - деп жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде Серік Жүнісбеков атап өтті.

Жаңа техника қазірдің өзінде су тасқынына қарсы іс-шараларда пайдаланылуда. Жеке құрам мен жабдықтарды тасымалдау жүзеге асырылуда, сондай-ақ су басу аймақтарындағы халыққа көмек көрсетіледі.

Жаңартылған құтқару әскери құралымдарының автопаркі ТЖМ әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығын едәуір арттырып, оларды су тасқынына ғана емес, өрттерге, аварияларға және басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға